35
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Жүректен бекіту оның топырақ астындағы тамыры,
тілмен айту – діңгегі, ал ізгі амалдар – бұтақтары,
жапырақтары, гүлдері, жемістері сияқты. Бір ағаштан
күтетініміз, алдымен жеміс беруі болса, дәл сол сияқты
иманнан күтілетін нәрсе жақсы амал, іс-әрекет.
Аллаһқа жақындай білу және мағрифатуллаһқа, яғни
Аллаһты толығымен тану мәртебесіне жету сонда
ғана пайда болады. Бұған қарағанда, Ислам жалғыз
иман мәселесінен тұрмайды. Ол иман мен амалдың
ортақтасуынан құралады. Іс-әрекет жағы болмай, тек
тілмен қабылдаған Исламмен мәңгілік бақытқа жетуді
күтуөтеқауіпті.СондықтанИсламныңбесасылнегізінен
төртеуі толығымен ізгі амалдан тұрады. Қалған біреуі
кәлима, иманды куәландыру сөзі болғанымен, оның өзі
зікір болу сипатымен ғибадат яғни амал, іс-әрекет деп
табылады.
Аллаһ Расулі (с.а.у.) айтады:
«
Ислам бес негізден кұралған:
1. Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед
(с.а.у.) Аллаһтың құлы және Расулі екендігіне куәлік
беру,
2. Намазды толық оқу,
3. Зекет беру,
4. Аллаһтың үйі Қағбаға қажылыққа бару,
5. Рамазан оразасын ұстау
».
1
Бірақ Ислам осы бес шарттан ғана тұрады деуге
болмайды. БұларИслам ғимаратының негізгі діңгектері
ғана. Сондықтан Ислам тек қана осы ғибадаттардан
тұрады деп ойлау үлкен қате. Өйткені Ислам бесіктен
қабірге дейін адамзат өміріндегі бүкіл іс-әрекеттерді
бағыттайтын және адамның ішкі дүниесі мен сыртқы
дүниесін ағартатын иләһи жүйе. Исламның кеңдігін,
тереңдігін түсіну үшін Құран Кәрімге және хадис