38
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
-
Аллаһқа,
періштелеріне,
кітаптарына,
пайғамбарларына, ақірет күніне сенуің, тағдырға яғни
жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне сенуің
иман.
Бөтен адам қайтадан:
- Дұрыс айттың! – деп растады.
Сонан соң қайта сұрады:
- Маған ихсан жайлы мәлімет бер!
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.):
- Ихсан Аллаһты нақ көзіңмен көріп тұрғандай оған
ғибадат етуің. Сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп
тұр! – деді.
Әлгі адам қайтадан:
-Маған Қиямет-қайымның қашан болатынын айт!
– деп сұрады.
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) бұл кезде:
-Қиямет жайында жауап беруші сұраушыдан артық
білмейді! – деп жауап берді.
Сонда бөтен адам:
- Ондай болса қиямет белгілерін айтып бер! – деді.
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.):
- Күң өзінің қожайынын босанғанда, жалаң аяқ
және жалаңаш пақыр шопандардың биік үйлер салуда
жарысқандарын көругеніңде, – деп жауап қайтарды.
Пайғамбарымыздың осы сөзінен кейін бөтен адам
шығып кетті. Мен біраз уақыт Хазреті Пайғамбардың
(с.а.у.) қасында қалдым.
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.):
- Ей Омар! Сұрақ қойған кісінің кім екенін білесің
бе? – деп сұрады.
Мен: