42
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Исламның Негізі, Аспан мен Жердің Кілті
ШӘҺӘДӘТ КӘЛИМАСЫ (Куәлік сөзі) және ИМАН
НЕГІЗДЕРІ
Шәһәдәт кәлимасы деп аталатын куәлік сөзі –
адамныңИсламдініне кіруіндегі ең алғашқыбаспалдақ.
Осы сөз Аллаһтың бар және бір екендігін, мұнымен
қатар Мұхаммед (с.а.у.) Алланың пайғамбары екендігін
қабылдап бекіту және сол бекітуіне өз нәпсісін(жанын)
куә қылу мағынасындағы мүбарак сенімның сөзге
ақтарылған түрі. Сондықтан осы куәлік сөзі діннің тегі
және тіреуі болып табылады.
Шәһәдәт кәлимасы өте ұлы сөз болғаны соншалық,
бүкіл адамзаттың құтылуы және бақыты соның шексіз
мағынасы мен сырында сақтаулы.
Бұл сөз Құран Кәрім мен хадис шәрифтерде:
Кәлимә тайибә (ең жақсы сөз),
Кәлимәту тақуа(тақуа сөзі),
Қаул сәбит (тура сөз),
Мәқалидү’с-семәуәти уе’л-ард (көктердің және
жердің кілті),
Кәлимәту Ихлас(ықылас сөзі),
Уруәтү’л-уүсқа (мықты тұтқа),
Дағуату’л-хаққ(хаққа шақыру),
Сәмәнүл-жәннәһ
(жаннаттың
ақысы)
сияқты
сипаттамалармен түсіндірілген.
Өйткені бұл сөз негіздердің негізі болып табылатын
өзекті сөз. Исламның басқа негіздері де, егжей-тегжейлі
түрдегі бөлімдері де осы негізге құралады. Сондықтан
куәлік сөзімен иман келтіру бүкіл ғибадаттардан
артық. Өйткені ғибадаттар сонымен ғана бар, әрі сол
арқылы мәнді болады. Ғибадаттар белгілі уақыттарда