43
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
орындалады.
Белгіленген
уақыттарынан
басқа
уақыттарда орындалса дұрыс болмайды. Ғибадаттардың
ішінде ең ерекше әрі артық болған намаздың өзі күніне
бесуақыторындалуғатиісті.Алиманүнемі парыз.Яғни,
үздіксіз иманды болып жүру әркімнің мойынында.
Көңілді әр түрлі масиуадан
1
үнемі сақтау және иманды
әр түрлі жағдайда тірі яғни ояу ұстау қажет. Иман
келтіру ешбір себеппен парыз болудан түспейді. Үнемі
қорғалуы шарт болады және кешіктірілуіне рұқсат
жоқ.
Куәлік сөзі ең жалпы түрімен:
АРАПШАСЫ
сөйлемін жүрекпен бекітіп, тілмен айтудан тұрады.
Ал терең мағынасы бойынша Исламға қарасты ақиқат-
тар тізбегін қамтиды.
Құран Кәрім басынан аяғына дейін куәлік сөзінің
не екендігінің түсініктемесі деп айтылса да болады.
Өйткені ҚұранКәрім дінмен тәухидтен (Аллаһтыбірлеу
жүйесінен) тұрады. Бұл шындықты баяндау ретінде
көркем аятта былай айтылады:
«Бұл Құран, адамзатқа ескерту болсын және Аллаһ-
тың жалғыз бір екендігін білсін әрі ақыл егелері
жақсылап ойлап үгіт алсын деп адамзатқа тәблиғ
етілген(білдірілген)».
(Ибраһим сүресі, 52-аят)
Дүниеде де ақіретте де Аллаһ разы болатын барлық
ізгі амалдар кәлиманың, яғни сөздердің ең жақсысы
болып табылатын тәухидтің жемісі. Ғибадаттар иман-
ның жүректегі әсері бойынша ләззатқа, сыпайылық
және жақсы мінез-құлыққа жеткізеді. Бұған керісінше
Хаққ Тағаланың ашуын келтіретін барлық жаман іс-
әрекеттер болса жаман сөздің, яғни күпіршіліктің
нәтижесі, әр түрлі пәлекет пен жамандықтың,
* Масиуа: Құлдың Аллаһқа құлшылық етіп, Оған жетуіне кедергі бо-
латын барлық нәрсе. Дүние мал-мүлкіне деген үзілмес ой сияқты....