47
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
І. АЛЛАҺҚА ИМАН
Аспанды жерді және екеуінің арасындағыларды
жоқтан бар қылып жаратқан әлемнің жаратушысы
Аллаһ Тағаланы кәміл мағынада түсінуге адамның
ақылы жетпейді. Өйткені пенде ақылы тьым әлсіз.
Сондықтан Аллаһ Тағаланың заты туралы ойлап,
ақыл шаршату қиялдар мен күдіктерден басқа нәрсеге
жеткізбейді, әрі дұрыс сенімге зиян келтіреді. Расында,
Аллаһтың Расулі(с.а.у.) да бұлай істеуден тыйған:
«Аллаһтың нығметтерін (жаратқандарын, құдіреті
менұлылығын)ойлаппікіржүргізіңдер!БірақАллаһтың
өз заты туралы ой жіберуге тырыспаңдар! (Өйткені
ешбір махлұқаттың бұған ақылы жете алмайды)».
1
Солсебепті сопылықжолыныңданаларыбұлмәселеде
негіз ретінде қысқаша:
«Уа Раббым сен Өздігіңнен қалай болсаң сондайсың,
біздің сен туралы бүкіл мәліметімізден, тіпті сені
пәктеуімізден де пәксің!» – деп айтқан.
Шынында да, адамның Аллаһ Тағаланың заты
туралы мәліметке жетуі мүмкін емес. Өйткені Оны
түсінуге адамзат санасы толық жете алмайды. Бұл
жол біздерге, яғни адамзатқа жабық. Бірақ сипаттан
сипатталғанға,
жасалғаннан
жасағанға,
өнерден
өнерпазға және себептен себепшіге қарай баратын
таным жолдары ашық. Егер адамзат түсінігі дұрыс
ерік және таза оймен Аллаһ Тағаланың сипаттары мен
істеріне назар аударатын болса, оның Аллаһты қабыл-
дамауы мүлде мүмкін емес. Өйткені қабылдамау ой
және сезім бұзылған жерде басталады. Яғни басқаша
айтқанда, зейін мен жүрек таза жаратылысын сақтап
қалса, адамның күпіршілікке түсуі мүмкін емес.
Егер ол күпір әлемінде туған болса күпірден құтылу
ықтималдығы жоғары болады. Бұған мысал ретінде
Хазіреті Ибраһимнің мүшрик яғни Аллаһқа серік