50
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
болмас еді. Бұл жағдайда жаз болған жер мәңгілік жаз,
қыс болған жер мәңгілік қыс болар еді. Немесе Күн
мен жер шарының арасындағы қашықтық біраз көп
болса шартарап үйектерге(полюс) айналар еді. Немесе
қазіргі қашықтықтан біраз жақын болса барлық нәрсе
жанып, күйіп кететін еді. Осы және осыған ұқсас
жағдайлар әлемдегі барлық нәрсенің өмір сүруді
мүмкін қылатын түрде әуелден шексіз ақылдылықпен
жоспарланғанының ақиқатын көрсетеді.
Осыншама кәміл, шиеленіскендей бір-бірінің ішіне
кірген өте жіңішке бір есеп механизмінің бар болуы
жаратушысының беделіне лайықты әрі Оның бар және
бір екендігіне, құдіреті мен ұлылығына сәулетті бір
белгі. Аят кәримде айтылады:
«Ол көкті биіктетіп бір өлшеу (деңгей) қойды».
(Рахман сүресі, 7-аят)
«Көкті жеті қабат қылып жаратқан Рахманның осы
жаратуында ешқандай ақау таба алмайсың. Тағы бір
рет көз сал, бір сызат көре аласың ба?»
«Бірақаутабуүшінкөзіңдіқайта-қайтасал, бірақкөз
күткенін таба алмай шаршап талған күйде оралады».
(Мүлік сүресі, 3-4 аяттар)
Жеміс бақшасының иесі бір күні таңертең тұрып
ағаштарының кейбіреуінің қалай болса солай құлап
жатқанын көрсе, мұның боран немесе табиғи апаттың
нәтижесінде болғанын қабылдай алады. Бірақ
ағаштардың құлауында бір есеп пен тәртіп болса,
мысалы әр үш немесе бес ағаштан біреуі қатарымен
құласа, мұның табиғи апаттың нәтижесінен болғанын
қабылдай алмайды. Ол бұл зиянды есепке күші жететін
біреу істеді деп ойлайды немесе бұл дұшпан шығар деп
күдіктенеді. Ондай болса ойлау керек; бес-он ағаштың
құлауынан тұратын бір оқиғаның өзін, ақыл санасы
жоқ себепке немесе себептерге байланыстыруды