Previous Page  46 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 298 Next Page
Page Background

46

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

екендігінің бекітілуі)

2. Исбату сифатиллаһ (Аллаһтың сипаттарының

бекітілуі)

3. Исбату әфғалиллаһ (Аллаһтың істерінің бекітілуі)

4.Исбату сыдқи Расулиллаһ (берген әрбір хабарда

Аллаһтың пайғамбарының туралығының бекітілуі)

Куәлік сөзі бұл жөнімен қысқаша «Әмәнту» деліне-

тін иманның алты шартының мөрі іспеттес. Негізінде

Әмәнту сөйлемінде иманның алты шартынан кейін

келіп, өзінен бұрынғы және кейінгі сөйлемдерді бекіту

мағынасында айтылатын «Хаққұн/Хаққ» сөзімен

басталған куәлік (Шәһәдәт) жалпылай иманның барлы-

ғын қамтиды. Бұларды қысқаша былай айта аламыз:

«Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбар-

ларына, ақірет күніне, тағдырға, жақсылық пен

жамандықтың Аллаһтан екендігіне иман келтірдім,

бұлардың барлығы хақ, Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ

екендігінежәнеМұхаммед (с.а.у.) Оныңқұлыәрі Елшісі

екендігіне куәлік беремін».

Құл Исламның бес негізгі шартымен мұсылман

болады. Ал иманның алты шартымен мүмин болу

жағдайы іске асады.

Сондықтан бір адамның тек қана жай түрде «сендім»

деп айтқаны, шын мәнінде мұсылман және мүмин

болуы үшін жеткілікті емес. Расында, иман Аллаһтың

бар екендігін және Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.)

пайғамбарлығын жүрекпен бекіту және тілмен айту

секілді қорытынды баяндалса да тереңірек аңғару және

сол иманға сәйкес тұп-тура жүру қажет. Қысқаша

айтқанда, иман толықжәне кәміл болыпиесін сәлеметке

жеткізетін күштілікте болуға тиіс. Бұл өз алдына ең

алдымен Аллаһтың сипаттары жайлы теріс сенімде

болмауды қажет етеді.