44
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бүліктің және бұзықшылықтың қайнар-бұлағы болып
табылады.
Аллаһ Тағала айтады:
«Аллаһтың қалай мысал келтіргенін көрмедің бе?
Көркем сөздің (куәлік сөзінің) тамыры мықты, бұтағы
көкке созылған бір көркем ағаш тәрізді».
«(Сол ағаш) Раббысының бұйрығы бойынша әр
уақыт жемісін береді. Үгіт болсын деп Аллаһ адам
баласына мысал келтіреді».
«Ал жаман сөздің (күпіршілік және имансыздық)
мысалы, жерден қопарылып тасталған, сондықтан
діңінде тұра алмайтын (шірік) ағаш сияқты».
(Ибраһим
сүресі, 24-26 аяттар)
Аллаһ Расулі (с.а.у.) айтады:
«Сол ағаштың әр уақыт жеміс беруі, зікіршіл құлдың
күні-түні Аллаһты еске алып зікір етуі».
1
Ибн Аббас (Радиаллаһу анһу) осы аяттар туралы
былай дейді:
«Осы аяттарда Шәһәдәт кәлимасына (куәлік сөзіне)
ишарат етілген. Тамыры мүмин құлдың сөзінде және
жүрегінде, ал бұтақтары көкте. Сондықтан мүминдер-
дің амалдары яғни іс-әрекеттері аспанға көтеріледі. Ал
жаман сөз Аллаһқа серік қосу, күпіршілік пен имансыз-
дықты көрсететін сөздер. Осындай сөздермен ешбір іс-
әрекет қабылданбайды».
Сондықтан:
АРАПШАСЫ
«(Күпірден және күнәдан) тазарған (ағарған) кісі
сөзсіз құтылған»
.(Ағлә сүресі, 14) аят кәримәсінің
түсініктемесі ретінде Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) былай
дейді:
«Бұл аяттағы тазару сөзінің келтірілуінің мақсаты;