Previous Page  48 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 298 Next Page
Page Background

48

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

қосқандардың арасында туып өсуімен бірге тек қана

зейін және жүрек ерекшеліктерімен Аллаһ Тағаланың

бар және бір екендігін сезіп Оны бірлеуі Құран Кәрімде

айқын түрде баяндалады.

Сондықтан Аллаһты мүлдем қабылдамау ойлана

алатынсаналыжандарүшінмүмкінемесжағдай.Өйткені

бір нәрсені жоқ деп үкім кесумен мәселе шешілмейді.

Мұны айғақтайтын тура дәлел және құжаттар қажет.

Өмір, әлем және өлімнен кейінгі өмір мәселесін шеше

алмағандар тек қана жоқ деп айтумен нені дәлелдеп

және нені шештік деп ойлайды? Бұл денсаулығы және

тәбеті бұзылғандықтан қарны аш екендігін білмей

жүргендердің жағдайына ұқсайды, өйткені олардың

аш болғанымен, аш емеспін деп айтулары тек қана

ауруларының дәлелі және белгісі. Бүкіл сезім жүйесі

сал болып қалған немесе наркоз алған адам денесіне

батқан шегені де, мүшелерін шүберектей кесіп пішкен

пышақты да сезбейтіні тәрізді, ұлы ақиқаттарға көзі

соқырланып, мұрыны иіс сезбей, құлағы ақиқатты

естімей, рухын ауыртып алған адамдар жайында Аллаһ

Тағала аят кәримде:

«

Соқырлар, саңыраулар

..» сөздерін қолданады.

Өйткені Аллаһ Тағала әрбір адамның жаратылысына

нану және ақиқатты іздеу қажеттілігін кіргізгендіктен,

иман мен ақиқаттан хабарсыз немесе қол үзіп қалу тек

қана рухани соқырлық және рухани саңыраулықтан

болады. Алнегізінде сенбеген адамныңрухыдаАллаһты

сезіп білуге дайын немесе түсінуге бейім, бірақ бұған

оның бойындағы рухани соқырлық және саңыраулық

кедергі болып тұрады. Дәл бір кездері көрілген, бірақ

еске түспеген түстер сияқты...

Назар аударылса адамдар тарапынан ойдан

шығарылған діндер мен Аллаһ тарапынан келген

діндердің барлығында «Аллаһ сенімі» бар. Бірақ

Исламнан өзге сенімдердің мазмұнында түрлі қателер