51
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
құптамайтындардың, әлемдегі осыншама «жіңішке»
есептерге қарамастан оның тек қана бір кездейсоқтық
әсерімен немесе өздігінен болғанын айтулары қандай
жаман ғапылдық әрі есек дәме.
Негізгі жаратылысы бұзылмаған әрбір қаймағы
бұзылмаған ақыл мен ерік әлемдегі себептер тізбегін
ақылменен көріп барлығының да бір мүсәббибү’л-
әсбабқа, яғни себептердің себепкері Хаққ Тағалаға
барып тірелетінін түсінумен иман келтіреді.
Құран Кәрімде:
«Аллаһтан лайықты түрде тек қана ғалым құлдары
қорқады»
(Фатыр,28),
-
деп айтылғандай, Аллаһтың
ұлылығын және құдіретін лайықты түрде аңғару ең
алдымен білім арқылы болатын іс. Бұл шындық себепті
макро және микро әлемдердің жіңішке тұстарын
зерттегенғалымдардыңешбіреуіАллаһТағаланыжоққа
шығармайды. Керісінше олар істеген салаларында
таңғажайып тәртіпті және сол тәртіпті пайда болдырған
ақиқаттарды көргендігінен жаратушының барлығын
және құдіретін басқалардан да кәміл түрде аңғарады.
Энштейнның мына баяндамасы да шындықтың бір
көрінісі:
«Әлемнің жаратушысы зар(игральная кость) ойна-
майды. Жаратқандарынан ешбір нәрсе есепсіз және
кездейсоқтықпен болмаған. Біз бұл дүниенің деңгейіне
әрі сәйкестігіне қайранбыз; әрине аңғара алғанымызша
ғана... Табиғатты зерттеген әркім дінді құрметтейді деп
айта алам. Өйткені табиғатты зерттеген әркім жаңа бір
нәрсені ойлап тапқан білім адамы негізінде тәңірдің
құдіретінің бірін ашқан адам. Сондықтан терең иманға
ие болмаған нағыз білім адамы бар деп ойлай алмаймын.
Бұлжағдай былай баяндалса болады: Дінсіз білімге сену
мүмкін емес. Білімсіз дін соқыр, ал дінсіз білім ақсақ».
Расында, пайдалы білімдермен шұғылданған ғайри