Previous Page  33 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 298 Next Page
Page Background

33

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

суын ішуге уақыты қалмағанын көрдім. Бұл кезде ол

ішкен шейіттік шәрбетінің ләззатымен көзін жұмған

еді. Сасқалақтап «Тым болмаса, Ғикримәға үлгерейін!»

деп барғанымда, оның да шейіт болғанын көрдім. Мұны

көргенде көкемнің ұлы Хариске жүгірдім. Бірақ ол да

жанын тапсырған еді..».

Міне, Ислам көңілдерге құйған шексіз қамқорлық

және Аллаһ ұнатқан мінез-құлық!..

Алайда, бұл адамдар қараңғы дәуірде бір-бірінің

қанын төгуден тайсалмайтын адамдар еді. Бірақ

Исламмен көңілдерін керемет бір бауырмалдық сезімі

баурағанысоншалық, оларкешкенғұмырарттарындағы

ұрпаққа «бақыт ғасыры» деген атпен қалды.

Аллаһ Тағала өзінің осы сыйлығын Құран Кәрімде

былай баяндайды:

«...

Аллаһтан келген нығметтерді еске алыңдар!

Өйткені сендер бір-бірлеріңе жау едіңдер, Ол

көңілдеріңді жақындатты және Оның игілігі арқылы

бір-бірлеріңмен бауыр болдыңдар. Тағы сендер от

шұңқырының(тозақтың)ернеуіндетұрғандадасендерді

Ол құтқарды. Мінеки, Аллаһ сендерге аяттарын осылай

баяндайды, мүмкін тура жолды табарсыңдар

». (Әли

Имран, 103-аят)

Осы аят кәримә қадірменді сахабаларға қарата

айтылғанымен, бүкіл адамзатқа да қатысты.

Түркілердің де Исламнан бұрынғы жағдайларын

тарихмақтапжазбаған.Мысалы,жетімыңшақырымдық

сапар жасаған Атилланың артында қалдырған естелігі

қан, ірің және көз жасынан басқа ештеңе емес. Бірақ

Исламмен танысып мерейі өскеннен кейін осы ұлт

тарихтың ең қаһарман, ең мейірімді ұлтына айналып:

-Ей, рахым! Сен қандай залымсың, маған дұшпа-

нымды да сүйдіресің! – дейтіндей мейірім күйіне

бөленген.