36
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
шәрифтерге қаралса да жеткілікті. Жоғарыдағы хадис
шәрифтің сыры да мұсылмандарға жүретін жол және
өлшеу негізінде берілген бағыт. Ол бағыт мұсылманның
Исламды алдымен хадис шәрифтегі бес негіздің үстіне
құрып өміріне енгізуі. Бұлай істелінбеген жағдайда
мұсылманның «Ислам ғимараты» аяғында нық тұра
алмай құлап қалары хақ. Өйткені тегі шірік үйдің
кішкене бір сілкіністе көретін зияны өте үлкен болады.
Исламның бес негізгі діңгегінің қасында, талай
өзекті тармақтары және олардың әрбіреуінің Ислам
ғимаратының бүтіндігі ішінде алар өзіндік орындары
бар. Бұл шындық турасында басқа бір хадис шәрифте
былай айтылады:
«
Ислам сегіз бөлімнен тұрады. Исламға сену бір
бөлім; намаз бір бөлім; зекет бір бөлім; ораза бір бөлім;
қажылық бір бөлім; жақсылықты әмір ету бір бөлім;
жамандықтан сақтану бір бөлім; жиһад(дін жолында
қызмет істеу) бір бөлім..
».
Парыз әмірлер мен тыйымдар циркульдің тұрақты
ұшына; ал сүннет түріндегі әмірлер мен тыйымдар,
яғни нәпілдер оның әрекет ететін ұшына ұқсайды.
Демек, парыздар ешкімді сыртта қалдырмай, барлығын
қамтығанымен, нәпілдер мен өзге ізгі амал түріндегі
құлшылықтар циркульдің әрекетті ұшының әрекет
алаңындай кеңдік көрсетеді. Яғни, әрбір құл өзіне
берілген күш-қуаттың шамасынша ізгі амалдар
жасаудан жауапкер болады. Сондықтан Хазіреті Әбу
Бәкірдің шама-шарқында болған мұсылманның иман
мен ізгі амал турасында күш-қуаты өте аз адам сияқты
амал жасауы дұрыс болмайтыны тәрізді, күш-қуаты
аз мұсылманның Хазіреті Әбу Бәкір сияқты өмір сүре
білуі де мүмкін емес. Бұл мәселенің негізі - парыздарды
кәміл түрде орындағаннан кейін, Хаққ Тағала берген
күш-қуатқа қарай ізгі амалдарға кірісумен зүһд және
тақуалық жолында Аллаһқа жақындауды көздеп,