Previous Page  31 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 298 Next Page
Page Background

31

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

екінші жартысынан бас тартуын талап етеді. Осы талап

себебімен бірінші дау ұстаз бен шәкірт арасында болды.

Сот отырысында шәкірт әділқазылар алдына

шығып:

- Мен бұл дауда жеңсем де жеңілсем де төлемақының

қалған жартысын бермеуім керек,- дейді.

Төрешінің «Неге екен?», - деген сұрағына былай

түсініктеме береді:

- Егер даудыжеңіп алсам сіздің қарарыңыз бойынша,

ал егер жеңіліп қалсам ұстазым екеуміздің келісіміміз

бойынша бұл ақшаны бермеуім керек.

Бұған оның фәлсафашы ұстазы дәл солай:

- Мен бұл дауда жеңсем де жеңілсем де төлемақының

қалған жартысын алуым керек,- дейді.

Төрешінің «Неге екен?», деген сұрағына былай

түсініктеме береді:

- Егер дауды жеңіп алсам сіздің қарарыңыз

бойынша, ал егер жеңіліп қалсам шәкіртім екеуміздің

келісіміміз бойынша бұл ақшаны алуым керек. Өйткені

мен жеңілетін болсам ол дауды жеңген болады және

төлемақының екінші жартысын маған қарыз болған

болады.

Міне, иләһи уахимен тәрбиеленбеген ой-қисынның

осындай талай тұйық нәрселерге сүйрелуінің алдын

алу мүмкін емес. Тек Ислам діні ғана құл ақысының

кешірілмейтінін білдіріп, құлдың өз жағдайын үнемі

тексеріп отыруын ұсынған, тіпті:

«

Көршісі аш болып жатқанда, өзі тоқ болып жүрген

бізден емес

» – деген хадиспен өзінен бұрын басқаларды

ойлауды үйреткен.

Сонымен Ислам адамзатты бір-бірімен бөлісетін,

бір-бірін сүйетін мүмин бауырлар халіне келтірген.

Расында, Араб қауымы қараңғы кезеңде дұшпандық,