29
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
табиғатында
болымды
бейімділіктердің
негізгі
жаратылыста үстем болғандығы. Бұл ақиқатқа ишара
жасаған Пайғамбар (с.а.у.):
«Әр бала Исламға сай фытратпен (табиғатпен)
туылады»
1
,– деп айтқан.
Аллаһтың рахымының ашуынан артық және үстем
болуының нәтижесінде әлемде жалпылай тыныштық
және бейбітшілік бар. Ормандағы ең жабайы және ең
күшті хайуандардың қасында ең әлсіз және ең күшсіз
хайуандардың өмір сүріп жатқандығы бұған жақсы бір
мысал. Осы шындық әлемнің негізгі көрінісі болған
адамзатжайындаайтылсадаөтеорындыболады.Өйткені
адам бойындағы түрлі дұрыс және бұрыс бейімділіктер
бір жерде болғанымен де, сыртқы ортаның килігуі мен
ықпалы жүрмес бұрын дұрыс бейімділіктер қашан
да үстем күйде. Яғни жақсыға бейімділік баланың
қоғамға араласып, әсер ала бастауымен бірге бұзыла
бастайды. Ислам өзінің орнатқан үкімдерімен осы
бұзылудыбөгеп, адамның бойындағы сәби кезіндегі таза
жаратылыс, таза табиғатты, сафтықты, тұнықтықты
және тазалықты, қорғап дамытуға тырысады. Ислам
адамзат табиғатындағы болымсыз бейімділіктерді
де жоққа шығармайды, әрі оларды мүлде жойып
жіберу мақсатының соңына түспейді. Өйткені мұның
нәтижесі тек зиянға ұшырау болады. Бірақ Ислам
оларды тәртіпке салып бағыттауға тырысады. Мысалы,
жыныстық бейімділіктерді Фрейд жариялағандай
ешбір ереже-шарттарға бағындырмай еркін қоя
берудің орнына, нәсілдің жалғасуына дәнекер болатын
жанұялық қатынас ішінде шектеп, Аллаһ атына
жасалатын неке актісі арқылы халал күйге келтірген.
Құштарлықты ұлы мақсаттарға байлап, одан қайырлы
нәтижелер пайда болуын қамтамасыз етуге тырысады.
Негізінде ол сезімнің о бастағы жаратылу мақсаты да
сол, адамның жанұя құрып, ұрпақты жалғастыруы