26
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
-Ондай болса арамыздағы мәселеге Таурат төреші
болсын, соған жүгінейік, – деді.
Еврейлер бұл ұсынысқа келісе алмады. Тіпті еврей
ұлтының ең күшті ғалымы деген атаққа жеткен
Абдуллаһ бин Сәләмның һидаят тауып, мұсылман
болуы себебінен Исламға деген қырсықтары көбейіп,
бұрын Абдулла бин Сәләмді мақтап, ұлықтап жүрген
яһудилер енді өте ауыр түрде сөге бастады. Олардың өз
кітаптарына жасаған килігулері соңғы пайғамбар Хз
Мұхаммедке қатысты бөлімдерді де айналып өтпеді.
Олардың өз Тәураттарындағы Хз Мұхаммед және
Ислам үмметі жайындағы аяттарды бұрмалағандығына
қатысты ақиқатты Құран Кәрім былай баяндайды:
«Кітапты қолдарымен жазып алып, сосын оны
Аллаһтың қасынан келді! – деп айтпақ үшін оны арзан
бағаға сататындар сорласын!
». (Бақара сүресі, 79-аят)
«ОларКітаптағысөздерді орындарынан өзгертеді!.»
.
(Ниса сүресі, 46; Мәидә сүресі, 13)
Осы іс-әрекеттері олардың кітапты бұрмалау
арқылы дінді негізінен алыстатып, өз нәпсілеріне
орай ұйымдастыру және әр түрлі бассыздықтар мен
бұзықтықты заңды түрде көрсету жолындағы теріс
реформалары болып табылады. Тіпті еврейлік пен
христиандықтың
бұзылып,
бұрмалануы
осылай
болған1. Сондықтан қазіргі кезде болып жатқан
«Исламда реформа» деген сөз пікір-таластары да дінді
бұзу мақсатымен болып жатыр.
Құпия және хикметтерге толы бұл әлемді толығымен
аңғарып білуі мүмкін бола алмайтын адамзат ақылынан
туындаған қысыр кеңестер ғылымы, құдіреті шексіз
Тәңірден
1
келген Исламды реформалай алмасы өте
айқын. Өйткені адамның жасырын және ашық бүкіл
ерекшеліктерін білетін Ұлы Жаратушыдан келген
бұйрықтар мен тыйымдар адамныңшектеулі санасымен