Previous Page  22 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 298 Next Page
Page Background

22

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

істеп қойған қатесін түзеткенде де сыпайылықты,

биязылықты ұмытпайтын, кісінің тіке бетіне емес

жалпыға қарап:

«Маған не болды өзі, кейбіреулеріңіздің мынадай,

мынадай іс істеп жатқандай көремін?!» - деп қатені

өзінен іздеген кейіппен сөз бастайтын.

Ислам хақ пен хұқық діні. Ислам қолға алған ең

маңызды мәселелердің бірі – хақ және хұқық мәселесі.

Бұл екеуінің өте маңызды болғаны соншалықты,

Аллаһ Тағаланың алдында өзіне серік қосудан кейін

кешірілмейтін екінші мәселе құл хақысы екендігі

айтылған. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қайтыс

болар алдындағы қатты ауруы кезінде де осы мәселеге

назар аудартып, әлсіз халіне қарамастан мешітке келіп

сахабаларына:

«Сахабаларым!Кімніңмалынқателесіпалғанболсам,

міне, малым, келіп алсын! Кімнің арқасынан қателесіп

ұрған болсам, міне, арқам, келіп ұрсын!» - деген

сөздерінен де кісі хақысының қаншалықты маңызды

екендігін байқауға болады.

Міне, осынша сезімділік, биязылық және бек сенімге

негізделген Ислам әділеті бүкіл адамзатты қайран

қалдыратын ұлы деңгейде. Бұл ақиқатты мойындамау

мүмкін емес. 1789 жылғы ұлы Француз төңкерілісінің

идеясын дайындағандардың біреуі философ Лафайет

әйгіліадамқұқықтарыбаяндамасыжарияланбайтұрып,

бүкіл заң жүйелерін зерттей келе, Ислам заңының

үстемдігін көріп, былай айтудан тартына алмаған екен:

«Ей, Мұхаммед! Сен әділетті іске асыруда жеткен

мәртебеге әлі ешкім жете алмады!»

Ислам тарихы осы әділеттің көптеген көріністеріне

толы. Міне, солардың біреуі:

Бір адам бірде жылқы сатып алған екен. Екі жасар

және сап-сау болғанымен, кенет үш күннен соң аты