Previous Page  23 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 298 Next Page
Page Background

23

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ауырып, өліп қалады. Жылқыны сатып алған адам

сатушыдан бірдеңені сезіктеніп, күдіктенді. Қатарынан

үш күн сотқа барғанымен төрешіні таба алмағандықтан

уақыт жоғалтпау үшін атты қаратпаққа мал дәрігеріне

апарады. Мал дәрігерінен алған мәліметі бойынша аты

уланған болып шығады. Біраз күнен соң сотқа қайта

барып, төрешіні орнында ұстайды да мәселесін айтады.

Төреші:

- Неге алдымен маған келмей, мал дәрігеріне

бардың? Дереу келгеніңде темірді қызған шағында

соғып, ізін суытпай шешімін қарастырар едік,- деген

соң шағымданушы адам:

- Тақсыр! Мен сізге мына-мына күндері келдім, сіз

орныңызда жоқ болдыңыз!- деп жауап береді. Сонда

төреші:

- Дұрыс айтасыз, сіз келген күндерде мен мұнда жоқ

едім. Анам қайтыс болып, ауылға барған едім...,- деді.

Сосын азырақ үнсіз ойланып алған төреші мырза

өзінің хатшысына бұрылып былай деді:

- Мәселе айқындалды, хатшы мынаны жаз: «Жұмыс

орнында болмағандығы үшін, зиянның төрешіден

өндірілуіне қарар берілді...».

Сөздің қысқасы, Ислам бүкіл тұстарымен, яғни

заттық және рухи тұрғысымен жалғыз әрі ерекше

тіршілік діні. Әрдайым Хаққа мойынсұну діні. Ал иман

– сол хақты қабыл етіп бекіту.

Бұрынғы дәуірлерде мұсылман болмағанымен,

жаратылысындағы бұзылмаған таза болмысымен

Исламды

жақтап

мәміле

жасайтындар

«дінсіз

мұсылман» деп аталса, мұсылман бола тұра Исламды

жақтамайтындарға «кәпір сияқты мүмин» делінетін.

Сондықтан Ислам тек қана шын жүрекпен,

ықыласпен өмірге бекігенде ғана адамның рухын

тазартатын рухани, терең бір дария.