Previous Page  18 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 298 Next Page
Page Background

18

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жаратқандарына мейірімді болу.

Ислам ақыл (қисын) діні. Ислам ақыл, ой туындысы

емес, бірақ осылардыдажаратқан ұлыАллаһ тарапынан

жіберілгендіктен ақыл мен ойды ең жақсы және дұрыс

жөнде бағыттап, адам баласындағы рухани деңгейді

кәміл түрде қалыптастырады. Яғни, ақыл қалай және

қанша деген сұрақтармен бас қатырса да, нәтижесінде

мақсатына тек қана Аллаһқа иман арқылы жетеді.

Сондықтан Аллаһ Тағала Құран Кәрімде жиі-жиі:

«

Ойланбайсыңдар ма?»,

- деп насихаттап, адамзатты

пікір әлеміне шақырады. Хазреті Пайғамбар (С.а.у.):

«

Бір сағаттықпікіржүгірту, алпысжылдық (пікірсіз)

ғибадаттан артық

»,- деп айтып, ақылды мағрифет

(әлемді және жаратылысын тану) және хикмет

мұхитында қолданудың маңыздылығын баяндайды.

Өйткені, ақыл Аллаға жету жолында бір тілмаш.

Ислам Аллаға махаббат және хаққа ғашықтық діні.

Ислам көңілді тек қана ақыл арқылы дамытпайды.

Өйткені ақыл қаншалықты пайдасы болғанымен,

кейде қате бағытталса адамды мақсатына жеткізбейді,

әрі өзіне тым қатты сенім артатындарды шүбәлану

сазына батырып қояды. Сондықтан оны махаббат және

ғашықтықтың құрбаны етіп, ғашықтық нұрымен

жарқырату қажет. Хазіреті Мәулана айтқандай:

«Талапты құл, құрғақ ақылдың өзін тәңір етудің

шайтаннан екенін, ал оны ғашықтықпен «илеп»

махаббатпен Аллаһқа қарай бағыттаудың Адамнан

екенін біледі! Ғашықтық кемеге ұқсайды. Кемеге

мінген адамның апатқа ұшырағаны өте аз, көбінесе

құтылады».

Фәлсафашылар сияқты ақылды жүрексіз өздеріне

жол көрсетуші қылғандар жағдайдың тұтқыны, көз бен

құлақтың ғана қызметкері болады. Алайда ақылдың

Аллаһты тануы жүрекпен біріккенде ғана мүмкін.

Жүрек ақылды тек қана тіреу ретінде пайдаланады.