15
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
түсіне отырып, ақіретті есіне алады. Және осы айбынды
әлемнің сәйкестігі мен ұйқастығын әсіресе, шетсіз де
шексіз болған аспанды тамашалап, Һуданың құдіреті
мен ұлылықты әрдайым шын жүрекпен сезеді, әрі өз
әлсіздігін және нәпсісін біле отырып құлшылығын
үнемі орындайды. Мәңгі әлемге қарай Раббысына
апарар жол сапарындағы ғажайып сырларды аңғарып,
Соған қауышуға әуес болып сәжде етушілер керуеніне
қосылады. Сонымен жаратылыс мақсаты орындалып,
құл - шексіз игіліктерге, құтылуға және Жаратқан
Иесіне қауышуға жетеді. Осылайша аятта баяндалған:
«Аллаһ кімді дұрыс жолға саламын десе, оның
көкірегін Исламға айқара ашады ..».
ақиқаты көрініс
табады. (Әнғам сүресі, 125-аят)
Бірақ бұл көріністен қашқақтап, алыстауға
асығатындар осы аяттың соңында айтылғанындай:
«... Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін
көкке шығып бара жатқандай етіп тарылтады. Аллаһ
сенбегендерді міне, осылай күпіршілік сазында
қалдырады
». (Әнғам сүресі, 125-аят)
Сондықтан адамзат баласының құтылуы тек
Исламның бақытты жолында ғана мүмкін. Аллаһтың
Елшісі (С.а.у.) айтады:
«Кім «Аллаһты Раббым деп, Исламды дінім деп,
Мұхаммедті Пайғамбарым деп қабыл етіп, осыған
көңілден разы болса, Жәннат оған уәжіп болады»
.
1
Ислам сөзі – силм және сәлемет сөздерінен тараған.
Мағынасы: тәуелді болу, Аллаһқа мойынсұну, бір
нәрсені дұрыс және тап-таза ұстау, сәлеметке жету,
ықылас және шынайылық деген түсініктерді береді де,
негізі «иман» сөзімен бірдей деп түсіндіріледі.
Құран Кәрімнің бірінші бетінде тұрған Фатиха сүресі
де Исламның астарлы түрдегі түсініктемесінен тұрады.