Previous Page  16 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 298 Next Page
Page Background

16

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Бұл сүре бойынша:

Ислам - құлды Аллаһтың ашуына ұшыратпай және

азғындыққа апармай сырат-ы мұстақимға (тұп-тура

жолға) салып, бақыт пен сәлеметтің нұрлы құшағында

Аллаһтың шексіз де шетсіз игіліктеріне жеткізе

отырып:

«Әлемдердің Раббысы Аллаһқа һамд(мадақ, шүкір)

болсын!»-

деп айтқызатын және бұл күйдің үнемі болуы

үшін:

«Аллаһым! Тек Саған құлшылық етеміз және тек

қана Сенен жәрдем сұраймыз»,-

дегізіп, бір Аллаға

апаратын дін.

Сондықтан адам баласындағы сенім қажеттілігін

қанағаттандыруы,

ақылдың

тынышталуы,

мал-

мүліктің, жанның қауіпсіздігі, нәсілдің таза сақталуы

және ақіреттің табысты болуы тек қана Исламның

арқасында мүмкін болады. Бүкіл мазмұнына назар

аударылғанда:

Ислам иманның жолы. Сенім негіздері үнемі ұлы

әрі мықты негізге сүйенеді, адамның абыройы мен

қасиетіне зиян келтіретін Аллаһқа серік қосу сияқты

сенім бұзықтықтарынан мүлдем алыс.

Ислам адамның рухын тойдыратын ғибадат діні.

Құлдар орындауға жауапты болған ғибадаттар түрлі

бітімжәнесырлармендененідерухтыдажақсылықтарға

жеткізетіні соншалық, көңілдер сол ғибадаттардың

бітпес ләззаттарымен Жаннат өмірін жерде сүреді.

Ислам рақым және мейірім діні. Адамзат баласы

бірталай күнә және ғапылдық шұңқырларын жағалап

жүргенде, істеген күнәларына бірден жазасын беріп,

зиянға ұшыратудан, жоюдан гөрі Жаратқан оған рахым

және кешірім жасап, бақытқа кенелтуге тырысады.

Хақ Тағаланың:

«Рахымым ашуымды жеңіп кеткен!»

1

сөздері осының бір белгісі.