17
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Мәрхамет сөзі мейірім, рахмет деген сөздермен
мағыналас болып, Ислам дінінің ең маңызды құрамы
болғандықтан Құранның «Бисмилләһир-рахманир-
рахим» деген ең басты сөзінде де, Хаққ Тағала өзінің
ең ерекше Аллаһ деген есімінің қасында мейірім
ерекшеліктерін баяндайтын Рахман және Рахим деген
есімдерін атаған, әрі ең алғашқы сүре Фатиханың
екінші аятында осы есімдерін тағы бір ескерте
қайталаған. Бұдан соң өзге бір сүренің ең алғашқы
сөзінде де Рахман сипатын қолданып, сүрені осы сөзбен
атаған. Соныменен бұл сүреде баяндалған: «Құранды
Рахман үйретті!» аяты Құранның бүтінімен адамзатқа
Аллаһтың мейірімі ретінде ұсынылғанын көрсетеді.
Расында, Құран Кәрімнің рахым және шипа болғаны
Исра сүресінде айқын түрде баяндалады.
Аллаһ Тағаланың пайғамбарларына берген ең ұлы
ерекшеліктерінің біреуі мейірімділік екені де бұл
мәселенің басқа бір ұшы. Әсіресе:
«
Ей Пайғамбарым! Біз сені әлемдерге тек қана
рахым қылып жібердік
!» (Әнбия сүресі, 107) аятында
баяндалғанындай, Хазреті Пайғамбар (С.а.у.)дағы
бұл ерекшелік ешбір адамның тағаты жете алмайтын
шыңда көрініс табады. Тайфта өзіне тас боратылып,
қан жоса болған кезінде оған келіп: «Уа Расулаллаһ,
қаласаң осы қауымды жоқ қылып жіберейін!»,- деген
Жәбірейіл және өзге періштелерге: «
Жоқ, мұны
қаламаймын! Мен рахым, мейірім пайғамбарымын!»
,-
деп жауап бергені, әрі сол қауым үшін қайыр-дұға етуі
оның кең мархабатының бір тамшысы ғана еді. Исламда
иманның алғашқы жемісі мейірім деп те айта аламыз.
Осы бағытта өмір сүрген Аллаһ достары құлшылықтың
мағынасын осы екі негізге сидырып баяндаған:
а. Тағзыим ли – әмриллаһ, яғни Аллаһтың
бұйрықтарын құрмет, тағзыммен орындау.
ә. Шәфқат ли – халқиллаһ, яғни Алланың