Previous Page  14 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 298 Next Page
Page Background

14

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

«Ей, уағызшы мырза! Сұрақтардың ең маңыздысын

ұмыттың! Аллаһ Тағала: «Ей, құлым! Мен сенімен бірге

едім, сен кіммен едің?»,- деп сұрайды»,- деген екен.

Мәселені бұл тұсымен қолға алғанда Ислам дегеніміз

-

«Сендер қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге!»

деген аятты сезіне өмір сүріп, Оған қауышу. (Хадид

сүресі, 4-аят)

Сондықтан Ислам – Аллаһқа деген махаббат және

Оған мойынсұну негізімен мәңгілік сәлеметтің және

Аллаһқа қауышудың жолы. Жер жүзінің және

аспанның түзетілуі және тәртіпке салынуы бір Аллаһқа

бағынуға байланысты. Адам баласында құлшылық пен

бағыну болмағанжағдайдаАлланыңмейрімі ашу (ғазап)

көріністеріне ауысады. Көркем аятта былай айтылады:

«

Адамдардың жамандықты қасақана істеуінің

себебінен құрлықта да, теңізде де бұзылушылық көріне

бастайды да, Аллаһ адамдардың істегендеріне орай,

олардың кейбіреулеріне жазаның дәмін татқызады;

мүмкін сонда олар теріс бағыттарынан бұрылар

». (Рум

сүресі, 41)

Осыған қарағанда, құлшылықтан және бағынудан,

яғни Исламнан алыстау құрлықтағы және теңіздегі

тәртіп пен сәйкестіктің бұзылуына себеп болады. Әрі

пайда болатын апат оқиғалар күнәһарларға бұл дүниеге

қарасты азғантай бір жаза ретінде беріліп, оларды

күнәдан қайтаруға жасалған әрекеттердің бірі, үнсіз

насихат.

Көңіл көзі ашық, парасатты құл Ислам арқылы

жаратылғанға қарап Жаратушыны; себепке қарап сол

себепті болдырғанды және затқа қарап мағынасын

сезіп біледі де фәни, яғни жалған дүниенің ақиқатын