Previous Page  11 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 298 Next Page
Page Background

11

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Құран және Сүннет Аясында

ИСЛАМ және ОНЫҢ ҰЛЫ ҚҰРАМЫ

Ең алғашқы адам, әрі пайғамбар Хазіреті Адам

атадан бастап келе жатқан мүбарак діннің мазмұны

бүкіл кезеңдерде бірдей. Айырмашылық тек қана

адамзат баласының өмірінде болып жатқан дамуларға

қарай қоғамдық үкімдерде көрінеді.

Сондықтан

Хазіреті

Адамнан

ақырзаман

пайғамбарына дейін Алланың тәблиғ туындысы болған

және есімі «дін» деп аталған жүйенің мазмұны қашан

болмасын бірдей және сол мазмұнның аты «Ислам».

Расында Хазреті Пайғамбар (с.а.у.):

«

Бүкіл пайғамбарлар бір әкеден туған бауырлардай

болып келеді. Діндері де бірдей

»

1

,- деп айтқан.

Сондықтан Ислам жалпының ойындағыдай тек қана

жалғыз Құран арқылы келген дін ғана емес. Бүкіл

«аспандық діндер» адам баласы тарапынан килігу

жасалмайтұрғандаИсламменбірболған.Бұлшындықты

баяндау үшін Құран Кәрімде былай айтылады:

«

Аллаһ алдындағы дін жалғыз Ислам ғана ..»..

(Әли

Имран, 19-аят)

Бұл сөздер адам баласының дүние мен ақірет бақыты

үшін жалғыз жолдың тек қана Ислам екендігінің де

баяны.

Бұл шындық басқа бір көркем аятта өте анық түрде

былай баяндалады:

«

Кімде-кім Исламнан басқа бір дін іздесе әсте

онысы қабыл етілмейді, әрі ол ақіретте зиянға

ұшыраушылардан болады

». (Әли Имран, 85-аят)