Previous Page  7 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 298 Next Page
Page Background

7

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

имандарын жоғалтып аламыз ба деген уайыммен

алақандарын аспанға көтеріп:

«

Уа, Раббымыз! Төбемізден сабыр жаудыр;

жанымызды мұсылман күйімізде өзіңе ал!»-

деп

Хаққ Тағалаға сыйынған және шейіт болудың шексіз

ләззатымен Раббыларына қауышқан-ды. (Ағраф сүресі,

126-аят)

Иса пайғамбардың ізінен еріп, шынайы мұсылман

болған алғашқы хиристиандар да зұлымдыққа

құмартқан

рим

халқының

алдында

аренаға

шығарылып, арыстандарға жемтік болған кездерінде

де, тәуһидтерінде табанды болған, имандарын қорғаған

және олар да ұлы шейіттік шәрбетінің дәмін татып

Раббыларына қауышқан-ды.

Денесіне ине батуынан да қорқатынХазіреті Сүмеийе

қыздырылған темірдің денесін таңба басқандай

күйдіруіне сол ұлы иман ләззаты арқасында шыдап,

Исламның тұңғыш шейіті болу мәртебесін тапқан еді.

Күйеуі Хазіреті Ясир де қартайып, қажыған адам

болғанымен, жастар шыдай алмайтын азаптарға сабыр

еткен. Ол, мүшриктер бір аяғын бір түйеге екінші аяғын

басқа бір түйеге байлап кергенде, көрген азапқа шыдап:

«Аллаһ, Аллаһ» лебіздерінің жүрегіне сыйлаған рухани

әрі мәңгі шаттығы күйінде шейіт болған. Хазіреті

Біләлдың дастани ахуалы да сол Аллаһқа қауышу

ынтызарлығынан туындаған. Біләл (радиаллаһу анһу),

жүректері қатайып көздерінде мейірімнің тозаңдай

жарығыболмағаназғынмүшриктертаттырғанауыразап

астында қара терісінен қызыл қан ағып, тәні дәрменсіз

қалған күйде «Ахад, ахад, ахад…»,- деп айтып жатқан

және иманның ұлы зауқын татып, Аллаһқа қауышуды

аңсаған еді. Өйткені Олар Ислам нығметінің ұлылығын

шын мәнінде түсінген жандар еді. Олар тек иманның

*

.

Мағынасы: Аллаһ одан разы болсын. Ерлерге «радиаллаһу анһу»

деп, көп адамға «радиаллаһу анһум» деп айтылады.