Previous Page  9 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 298 Next Page
Page Background

9

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Сонымен Исламның ең алдымен құлшылық рәсімдерін

ұмыттырып, одан кейін сенім жағынан жұпыны етіп,

елді руханияттан алыстатуды армандағандарға күн

туды. Осы рухани құлдырау және қираудан мұңайып

қайғырған Пәкістандық ақын, ғалым, ойшыл Иқбал

былай зарлайды:

«Қандай өкініш (қарғыс атсын?)! Енді Хаққа

ғашықтық тебіренісі мен шаттығы қалған жоқ…. Енді

мұсылмандардыңтамырларындағықандакеуіпбарады.

Оқылып жатқан намаздарға қараңдар; саптар (қатар)

қисық, сәжделер рухсыз, көңіл тынышсыз. Шабыт

беретін иләһи толқын жоғалған!…»

«Әй, махаббат! Әй, көңіліміздің терең мағынасы.

Әй, біз еккен тұқым. Әй, біз орған өнім! Осы ахуалға

бір қара; өзегі топырақтан болған адамдар енді ескірді.

Қазір біз мүлде басқа, әрі бөгде бір адамға айналдық!»

Сондықтан мың бір сынақ ішінде өмір өтіп жатқан

осы заман ақыры шағында қадірменді сахабалардағы

ықылас, ғашықтық және шабыт күйіне жету үшін

Исламның ұлылығын, әсіресе рухани жағын ең дұрыс

көзбен аңғаруға әрі сол аңғарғанымыз бойынша өмір

сүруге мәжбүрміз.

Мұсылманға, Исламды руханият көзқарасында

«Хақты хақ деп білу, жалғанды жалған деп білу»

дәстүрімен әрі тақуалықпен өмірге енгізуі мәжбүрлік.

Соңғыжәне еңкәміл дінИсламболғандықтан тақуалық,

Исламның шарттарын хұшу’мен

5

орындай білуден,

Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу алейһи уа саллам)

және сахабаларының көңіл әлемінен нәсіп ала отырып

иманның тебіренісін сезініп өмір сүруден тұрады.

Мұсылманның кәпір сияқты; ал кәпірдің мұсылман

сияқты өмір сүруі пайда келтірмейді. Сондықтан

Аллаһ құзырында шынайы табыс тек қана пайғамбар

дәуіріндегіиман тебіренісімен және Аллаһқа қауышу