Previous Page  12 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 298 Next Page
Page Background

12

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Ал сонда Адам атадан бастап отырып, адамзаттың

дамуына сәйкес түрде дамып, Құранда кәмілдіктің

шыңына жеткен Ислам не?

Алдымен, бұл мәселе жайлы берілген барлық

түсініктемелердің негізі қысқаша былай жинақталады:

1. Иман (Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына,

пайғамбарларына, ақірет күніне және тағдырға дұрыс

әрі шынайы түрде сену).

2. Ізгі амалдар (иман келтірген соң Хаққ Тағала

біздерден талап еткен ғибадат пен іс-әрекеттерді

ықыласпен, ізгі ниетпен орындау).

Міне, осы екі талаптың орындалуы арқылы жүзеге

асырылатын Ислам – көзқарас, өмір сүру және іс-

әрекеттеріміздің тәртібін қамтамасыз ететін деңгейлі

әдеміліктер тізбегі. Ақыл, құлақ, көз, тіл және көңіл

арасында шынайы байланыстар жасау арқылыАллаһқа

баратынжол–Ислам.Оныңұлыжәнесырлыақиқаттары

рахым болып тасқа тамшыласа, оны топырақтан да

жұмсақ бір көңіл халіне келтіреді. Бірақ одан алыс

көңілдер ғапылдық шөлдерінде қапыда қалып, тас

болып қатаяды. Осы халден құтылу расында Исламмен

ғана мүмкін болады.

Ислам – сана-сезім, сөз және іс-әрекет жөнінен

адам баласын ең әдемі түрде «илеп» кемелдікке

жеткізетін және қараңғылықтан нұрға шығаратын

бақыт таңы. Яғни, ол адал өмір сүру деңгейінде төмен

қалғандарды көтеріп, шыңға жеткізеді. Қаншама

шірік тал мен бұтақтан көздің жауын алып, көңілдерді

сергітетін раушандар, жауқазындар, қызғалдақтар

және лалагүлдер өсіретін топырақ тәрізді Ислам да,

өзіне бағынған жай, тіпті ешқандай ерекшелігі жоқ

пенделерді мақұлықат ішінде таңдаулы мәртебеге

жеткізеді.Адамбаласыныңжаратылысыннегізгі халіне

қайтарып, әдемілейді.