10
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
арманымен, мұсылман болып өмір сүруде және «қалбун
сәлимді», яғни тап-таза жүректі сақтап қалуда.
Міне, осы ақиқат бізді Исламның рухани құрамы
туралы кітап жазуға бағыттады. Осы шындық жолына
түскен қызмет керуеніне қосылужәне Аллаһ Тағаланың
ризасына жету мұратымен Ислам және иманның
ұлы құрамына қарасты бірнеше ақиқатты баяндауға
тырыстық. Кітапта Ислам туралы жалпы мәліметтен
кейін шәһәдет кәлимасын және иман негіздерін,
содан соң Исламның негізін құрайтын ғибадаттарды,
әсіресе рухани жақтан, түсіндіруге қайрат жұмсадық.
Өйткені құл тура сенім мен ізгі амалдың арқасында
жүрек тазалығын сақтап, өзіндегі ең жақсыжаратылыс
сырымен уасыл-ы илаллаһ жолында ілгерілесе, Ислам
сонда ғана толық түсініліп, өмірімізден орын алған
болады.
Осы бағытта шамамызға қарай жазуға тырысқан
кітабымыздың жазылуында, реттелуінде көп көмек
көрсеткен дін бауырларыма рахметімді айтып, олардың
осы қызметінің жәри садақа болуын Аллаһ Тағаладан
сұраймын. Егер осышығарманың септігімен көңілдерді
қадірменді сахабалар секілді Исламға бағындыруға бір
қадам ілгері бастырған болсақ қандай бақыт!
Хақ Тағала; Ислам жолында Нәмрұттың күйзелтуші
зұлымдығы және талай ауыр емтихандар алдында
дастани түрдегі ұлы табандылығы, тәуекелділігі және
Хаққа берілгендігі үшін Ибраһим (Ғаләйһиссәләм )
туралы аятта баяндалған:
«Ол, Раббысына таза жүрекпен келді!»
- деген
сүйіншісінен бізге де бір үлес нәсіп етсін! (Саффат сүресі,
84-аят)
Әмин!
Осман Нұри ТОПБАШ