5
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
рухани күйге жеткен бақыттыжандар салиқалы құлдар
тізіміне ілігіп, қашан да Хаққ Тағаланың махаббатына
және сыйына бөленген. Ал ұлы иман ақиқаттарынан
терісайналғандариләһиазапқадушарболып,екіәлемнің
бақытсызы күйін кешіп, осы әлемнен бақытсыз болып
көшіп кеткен. Аспан оларға ешқашан күлімдемеген
және олар дүниеден озған кезде де жыламаған.
Сондықтан жақсы немесе жаман естеліктер қалдырған
өткен қауымдардың халдері арттарынан келген жаңа
нәсілдерге уағыз ретінде қалған көрінеді.
Үстіміздегі аспан Құдайсыздарға қайғы әрі
пәлекеттер төккен кәдімгі көк аспан. Төбеміздегі
Күн Перғауын, Һаман және Нәмрут тәрізді талай
залымдардың сарайларына жарық берген, кейін ол
сарайлар құлап жатқан жерлерге де жарық берген
кәдімгі Күн. Және әрқашан болғанындай адамзаттың
көңіл әлемін әшекейлендіретін аспан - Ислам аспаны,
ғапылдыққа толы қараңғылықты жойып нұрға қарық
қылатын жалғыз жарық - иманның нұры. Ондай болса
адамзаттың міндеті – Ислам аспаны және иманның
жарығы астында өз нәпсісін тану арқылы Раббысын
тануға ұмтылуы. Адамзат әлемнің кішкене бір үлгісі
(моделі) болғандықтан оның қарапайым топырақтан
жаралған құрамында баяндауға сөздер жетпейтін
иләһи құдіреттің сырлары, нұрлары және ақиқаттары
жасырынып жатыр. Адам баласы рухани қасиеттермен
безелген керемет өнер туындысы, әрі әлем кітабының
қортындысы һәм алғы сөзі. Міне, Ислам мен иман осы
ұлы құрамның қорғаушысы.
Иманның мақсаты «Лә иләһә иллалла»ның тәуһидін
шынайытүрде амалға айналдырып, көңілді текАллаһқа
ғана арнау. Сондықтан иманмен тәуһидті түсініп, ұғыну
ғылыми, рухани және мінез-құлықтық ерекшеліктерге
*
.
Мүмин құл өмір сүргенде немесе қайтыс болғанда аспан оны
күлімдеп қарсы алады. Және ол пәлекетке ұшыраса аспан
қайғырады.