Previous Page  3 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 298 Next Page
Page Background

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

АЛҒЫ СӨЗ

Біздей әлсіз құлдарын иманның шаттығына бөлеген

Жаратушы Аллаһ Тағалаға мадақ болсын!

Адамзаттың қараңғылықтың бодауынан құтылып,

Исламның арайлы шуағына қауышуына арашы болған

Әлемнің Мәңгі Мақтанышы Хазіреті Пайғамбарға

салауат пен сәлем болсын!

Әлемнің бекер жаратылмағанын, өмірдің қисынсыз

еместігін және бұл өмірде адам баласы емін-еркін

қоя берілмейтінін әрбір ақылы бар адам оңайлықпен

түсінеді. Бірақ бұл өмірдегі тура жолды пенде тек

ақылымен ғана таба алуы тым қиын. Сондықтан аса

мейірімді Алла Тағала адамзат баласына ежелден бері

пайғамбарлар арқылы:

«Әй, адамзат! Міне, сендерге жүретін тура жол!» –

деп, жол көрсетіп келеді.

Қысқаша түрде «Дін Ислам» деп аталған осы иләһи

бұйрықтар жиынтығы мәңгілік һидаят, рақым және

Алланың мейірімімен бүкіл адамзатты ғапылдықтан

оятатын, фәни дүниеден мәңгілікке жеткізетін және

соңсыз бақытқа қауыштыратын иләһи сыйлықтар деп

түсінуге де болады.

Сондықтан адамзатқа Аллаһ Тағала сыйлаған

ұлы игіліктердің басында Ислам нығметі келеді.

* Мағынасы: Аллаһ пайғамбарын жақсылыққа, мейіріміне бөлеп,

т.б. сәлеметте қылсын.

3