Previous Page  6 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 298 Next Page
Page Background

6

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ие болумен ғана мүмкін. Иманның ғылыми жағы

«әмәнту»

1

бабымен анықталған болса, мінез-құлықтық

тұрғысы, бірталай хадис шәрифтерде баяндалған әдеп,

ар-намыс, мархабат, ілтипат, кішіпейілділік, кешірімді

болу, сабыр, шүкіршілік және махаббат сияқты мінез

ерекшеліктерімен анықталған.

Ал иманның амал тұрғысы Құран мен сүннеттің іс-

әрекет және жаза туралы ортаға қойған үкімдері болып

табылады. Ғибадаттар, мәмілелер және мінез-құлық

мәселелері Исламның амал бөлігін қарастыратын фиқһ

бабына кіреді. Тіпті жолда жатқан, адамдарға кедергі

тудыратын, зияны тиетін нәрселерді шетке алып тастау

да иманнан деп саналуда және:

«

Ар-ұят иманнан болып табылады

».

2

«

Тазалық иманның жартысы

».

3

«

Дін насихаттан тұрады

»

4

,- деген сияқты хадис

шәрифтер иман құрамының ақиқатын түсіндіреді.

Иманныңмүминдешыңғажетуі, салиқалыамалдары

арқылы көрініс табады және ықыласты ниетімен

бағаланады. Құран Кәрімде және хадистерде иман мен

салиқалы амал қатар айтылады. Өйткені нәпсі мен

рух ақиқатты білуі және сезінуі бойынша; ал адам тәні

қимыләрекеттерібойыншабағаланады.Иманжайсөзбен

айтумен емес, айтқанына сай амалдарды орындап, сол

түсінікпен өмір сүруі нәтижесінде кемелдікке жетеді.

Осы кемелдікке ұмтылудың ләззаты, мүбарак және

ерекше құлдардың өмірінде барша фәни ләззаттардан

артық болып, бұ дүниелік қайғылар олар үшін күшін

жойған.

Залым Перғауын тарапынан иман келтіргендері

үшін қолдары мен аяқтары кесіліп, құрма ағашының

бұтақтарына асылған сиқыршылар, осы үлкен

зұлымдықтың қарсы алдында әлсіздік танытып,

*

.

Әмәнту: Иманның алты шарты.