Previous Page  4 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 298 Next Page
Page Background

4

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Адам атадан бүгінге дейін осы иләһи нығметпен өмір

сүрген имандылар тобы, Исламның берекесімен өз

жаратылыстарындағы өзекті құндылықты қорғап,

өз көңілдерімен бірге бұ дүниені де гүл бақшасына

айналдырған. Ислам арқылы салиқалы, садық құлдар

періштелердің дәрежелеріненде асқан ұлымәртебелерге

жеткен. Сол арқылы олар, жаратылыс себебін

қанағаттандыра алатын ең күшті бақыт шыңдарын

бағындыра білген.

Аллаһ Тағалаға қауыша білу және Оны жүрекпен

тануға деген құштарлық сезімі адамзат табиғатында бар

сезім. Сөзсіз осы ақиқат адамзаттың ешқашан діннен

бөлек өмір сүрмеуі арқылы тарихта көрініс тапқан.

Шынында, Ислам тәуһиді осы фәни әлемге Аллаһқа

қауыша білу шаттығын әкелгендіктен, адамзат үшін

бұдан күшті рухани ләззат жоқ. Келешектегі, яғни

бұ дүниеден кейінгі өмірге үмітте болу осы иман

шаттығының көңілдегі көрініс беруіне байланысты.

Қадірменді сахабалар мен олардың артынан ерген ізгі

жандар, үнемі осы ниетпен, яғни Аллаһқа қауышуға

деген ғашықтық сезімімен Исламды өмірлеріне

нақыштап ойып, жандары мен малдарын пида еткен

және теңдесі жоқ табандылық көрсетіп, Аллаһ және

Пайғамбарының жолында тұп-тура жүрген.

Шынайы құл болу қасиетімен өмір сүруді

армандайтындар өмірде дінді ұран қылып ұстанып,

иләһи бұйрықтардың жарығында жүруге мәжбүр.

Сүйіншілер болсын сол мүминдерге, олар жүректеріне

иманды, көкіректеріне Құранды, Ождандарына жақсы

мінез-құлықты орнықтырып, мәңгілік бақытқа үмітпен

өмір сүруде. Өйткені дүниедегі бақыт пен ақіреттегі

бақыт тек қана осылай өмір сүрудің арқасында ғана қол

жетімді болмақ. Яғни, Аллаһтың дініне тәуелді болып,

өмірбақи мойынсұнған күйде ғұмыр кеше білу. Бұл

*

.

Мағынасы: Аллаһ оны сәлеметте қылсын.