13
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Хақ Тағала құлшылықтың шыңында болған
пайғамбарларына
Исламды
толығымен
жүзеге
асырулары үшін жалпы бұйрық ретінде:
«Аллаһқа бағыныңдар!» – деп бұйырғанда әрбірі:
«ӘлемдердіңРаббысыАллаһқамойынсұндым»,-деген
жауаптарымен бағыныштылығы мен құлшылықтарын
баяндап көрсеткен еді.
Аллаһ Тағала бұл ақиқаттыИбраһим (Ғаләйһиссәләм
) арқылы былай баяндайды:
«
Раббысыоған: «Исламбол! (мойынсұн) дегенде (Ол):
«Әлемдердің Раббысына мойынсұнып, бағындым!»-
деді
». (Бақара сүресі, 131-аят)
Бұл бағыну – Аллаһпен бірге болудың, әрдайым Оны
зікір етіп еске алудың және Оған шүкіршілік етудің
белгісі.Негізінде,бүкілғибадаттарменқұлшылықтарды
орындаудағы мақсат – Аллаһпен бірге бола білу, яғни
мағрифәтуллаһ және махаббатуллаһ.
Осы әңгіме жайлы төменде өте тамаша мысал
берілген:
Уағызшының бірі мінбеде қабірдегі жағдай туралы
насихат жүргізіп жатқан еді. Жамағат ішінде Хазіреті
Шейх Шибли де бар болатын. Уағызшы үгітінің соңына
қарай Аллаһ Тағала қабірде жатқан пендесіне қоятын
сұрақтар туралы айта бастады:
«Біліміңді қалай пайдаландың? Мал-мүлкіңді қайда
жұмсадың? Өміріңді қалай өткіздің? Ғибадаттарың
қандай халде? Харам мен халалға(адалға) бекем өмір
сүрдің бе? – деп сұралады! Мыналар сұралады, осылар
сұралады!»- деп, әңгімесін ұзақ айтты.
Осыншама егжей-тегжейлі түсініктеме берілгенімен
мәселенің негізіне көңіл аударылмағанын көрген
Хазіреті Шибли уағызшыға қарап: