24
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Аллаһ Расулі (с.а.у.) айтады:
«Құл Исламды қабыл етіп, оны жақсы түрде өміріне
бекітсе, бұрын істеген әр жақсы ісіне сауап жазылады
да, істегенбарлықкүнәсі кешіріледі.Бұданкейін істеген
амалдарының тағдыры былай болады: әр сауапты ісіне
оннан жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Ал істеген
күнәларының тек өзі ғана жазылады. Бірақ Аллаһ
кешіріп, сол күнәсінің өзін толығымен ғапу етсе, ол
басқа»
1
.
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) Исламды жайып тарата
бастаған сәттен бері оны қабылдамағандар әділет пен
шынайылықты бір шетке тастап, өз азғындықтары мен
ғапылдықтары ішінде нәпсілерінің және шайтанның
тұтқыны болып өмір сүруді және осылай үстем болуды
қалаған.Тарихмұныңқаншамамысалдарынакуә.Мекке
мүшріктері өз аспандарына жарқырап туған күндей
болған Хазреті Пайғамбарды (с.а.у.) әл-Әмин(сенімді)
және әс-Садық(шыншыл) дептанығаныменде, қарайған
жүректеріне Исламның нұрын шағылыстыра алмады,
Ождандарыақиқаттыкөріптұрсаданәпсілеріне беріліп,
онымойындамауарқылыөзобалдарынақалды.Құранды
Ождандарымен қабыл ете тұра, нәпсілеріне алданып
қарсы шықты да, саналары тығырыққа тіреліп қалды.
Жылдар бойы Хазреті Пайғамбар (с.а.у.)нің келетінін
хабарлап сүйіншілеген христиандар мен еврейлер де
тек қана өз іштеріне жақпағандықтан, ұлтшылдық
сананың ықпалымен «Мейірім пайғамбарының»
сөздерін өтірікке шығарып, жала жапты. Әсіресе,
еврейлер ежелдік әрі мәңгілік шындықты қабылдамау
жөнінде басқалардан да озып кеткен. Мына нақыл бұл
ақиқатты айқындауда өте ғибратты:
Аллаһ Расулі (с.а.у.) еврейлерге Құран Кәрімнен:
«Ей, Мұхаммед! Бұған қарсы олар сенімен сөз
таластыруға кірісер болса: «Мен, маған сенгендерді
де, өзімді де Аллаһқа тапсырғанмын. Тағы да өздеріне