28
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Сонымен қатар адамзат табиғатына назар аудармаған
жүйелер «жалғасымды болу» мүмкіндігін де жоғалтып
алады. Өйткені жаратылыс ең аяғында болса да, бөгеуін
құлатып аққан сел сияқты өзіне сәйкеспеген тәсіл мен
негізді әйтеуір бір бұзып, жарып шығады. Расында,
бұзылып бұрмаланған христиандықтың қолында
масқара болған батыс әлемі ең соңында оны өмірлерінен
шеттетіп, тек қана шіркеуде іске асырылатын бір
дін халіне келтірген. Тіпті бірталай христиандар
килігу жасалынған діндерінің жаратылысқа қарсы
мәмілесінің және білімнің шындықтары алдында
соқырлық танытуы нәтижесінде дінсіздіктің құшағына
түсіп кеткен. Сонымен қатар дінге деген қажеттілік
адамның табиғатында бар болғандықтан, шайтанға
табынуға дейін апаратын қаншама бұзық жолдар ортаға
шыққан.
Ислам
адамзат
табиғатына
сәйкес
қылып,
Алланың шексіз сөзсіз білімінің аясында ережелер
қойғандықтан, үкімдердің ескіріп бағасын жоғалтады
деп ойлаудың өзі мүмкін емес. Өйткені адам баласы
осы негіздер тұрғысынан әрқашан бірдей. Мысалы,
әйелдердің сезімтал болуы өзгеріп жоғалмайтындығы,
шындығына қарағанда, олар белгілі мәселелерге куә
болған жағдайда осы сезімталдықтары көзге алынбаса
әділеттің орындалуына зиян келтіреді.
Адамзат табиғатындағы теріс бейімділіктердің
азғындап кетуінің алдын алу үшін жіберілген иләһи
тыйымдар, дұрыс бейімділіктердің дамып, кемелденуі
үшін қажетті әмірлер Исламда дәлме дәл белгіленген.
Мұның бәрі Исламның реалист болуынан. Әмірлер
мен тыйымдар өзгермейтін бейімділіктер турасында
болғанымен, өзгеріп тұратын ахуалдарға байланысты
«маслахат» деген атпен аталатын үкім беру құзіреті
Ислам ғұламаларына берілген. Бұл тақырыпта
айқындатылуы қажет болған басқа бір мәселе адамзат