Previous Page  34 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 298 Next Page
Page Background

34

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Исламның Бес Негізі

Бұрын айтқанымыздай Ислам:

а. Иғтиқад(сенім) және

ә. Ізгі амалдардан тұрады.

Бұған қарағанда, Ислам назарында адамзаттың

жауапкершілігі «иғтиқади» (сенімдік) және «амали»

(іс-әрекеттік) болып екіге бөлінеді. Бұлардың ішінде

иғтиқади бөлімдегі негіздер амали негіздерден бұрын

келеді. Сондықтан Аллаһ Расулі (с.а.у.):

«

Бұл үмбетіме ең көп алаңдайтыным, ширк (яғни

Аллаһқа серік қосу)

»,

1

– деп айтқан.

Өйткені адам баласы Аллаһтың алдында иман

келтіргендер және иман келтірмегендер болып екіге

бөлінуде және осы жолмен екі бөлек қоғам ретінде

баяндалуда. Бұдан басқа иманның маңыздылығы

бөлшектенбейтін бір бүтін болуымен де белгілі. Яғни,

иләһи баяндардың біреуін қабыл етпеумен барлығын

қабылдамаудың арасында ешқандай айырмашылық

жоқ. Өйткені мұндай іс Аллаһтың ұлылығына кірбең

келтіру болып табылады. Әлсіздігі талассыз болып

табылатын адам баласының Аллаһтың хақ дегенін

теріс, теріс дегенін хақ депжариялауға тырысуықандай

жаман қылмыс. Сондықтан адамның амалдарындағы

деңгейі иман болмайынша, өз иесіне бақыт бермейді.

Мысалы, Едиссон электр жарығын ойлап тапқан

және бұл қызметімен адамзатқа қаншама пайдасы

тигенімен, сенім турасындағы жаңылысуы себепті

істеген қызметімен ақіретте бір пайдаға, бақытқа жете

алмайды. Өйткені Ислам назарында негіздің негізі

иман.

Бірақ бұл негіздің жалғыз-ақ тіреуі және көрінісі

әрине, ізгі амалдар болып келеді.

Сондықтан Ислам діні жеміс ағашына ұқсайды.