Previous Page  30 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 298 Next Page
Page Background

30

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

болатын. Мүліктің Аллаһтыкі екендігін үйретіп оны

ең жақсы түрде жұмсауға баулу арқылы мал-мүлікке

деген артық қызығушылықты, ашкөздікті жояды.

Қызғанышты «менде де болса екен» – деген жақсы

ұмтылысқа айналдырады. Басқа бейімділіктер туралы

да осылай пайымдау керек.

Бұрын да баяндағанымыздай, Ислам ақылды ең

жақсы түрде бағыттайды. Оның уахиге байлаулы

болуын қалайды. Өйткені біз уахимен тәрбие етілмеген

ақылдың тарихта қандай жаңылыс үкімдер бергенін

көрудеміз. Сондықтан философтар бір-бірлерін өтірікке

шығарып келе жатыр. Мысалы, ескі Афина мінез-

құлқында ұрлық – ұсталмау шартымен мақтанарлық іс

еді. Зейін қабілеттілігі деген ойменжақсыкөріліп, айып

салынбай босатылатын. Ал негізінде ұрлық деген табиғи

құқықты бұзушылық екендігі айдан анық. Уахимен

тәрбиеленбеген ақылдың табиғи хұқық ұғымына

қайшы болғанына қарағанда, оның басқа салаларда

қандай сандырақ үкімдер бере алатыны оңайшылықпен

түсініледі.

Сонымен қатар осындай ақыл және қисын, әсіресе

екі жақтың әрбіреуіне «сенікі дұрыс» дегізетін бір-

біріне қайшы мәселелерде әділеттің орындалуына бөгет

болады. Мұның тарихта мәшһүр мысалы бар:

Көне грек елінде ақылдың әлсіздігін көрсететін бір

уақиға болған екен:

Бір жас жігіт дәріс алмақ болып бір фәласафашыға

келіп жолығады. Келісім бойынша оқудың жарты

ақшасы қолма-қол, ал қалған жарты бөлігі шәкірт

алғашқы дауын жеңіп алған кезде төленетін болады.

Мұның мағынасышәкірт өзінің алғашқы дауын жеңген

кезінде білімі толықталған болып, ұстазы қалған

төлемақыны алуға құқылы болады деген сөз. Бірақ

оқу кезеңі аяқталған кезде шәкірт ұстазына берген

төлемақысының бірінші жартысын жеткілікті санап,