Previous Page  25 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 298 Next Page
Page Background

25

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

кітап берілгендер мен уммилерге: «Сендер де Исламды

қабыл еттіңдер ме?» - деп айт. Егер Исламға кірсе

һидаят жолын табады. Ал егер олар теріс айналса, сенің

міндетің тек қана айтып жеткізу. Аллаһ құлдарын нақ

көруші». (Әли Имран, 20) аятын оқығаннан кейін,

олардан былай сұрады:

-Исламды қабылдадыңдар ма?

Олар:

-Иә, қабылдадық, – деді.

Пайғамбар (с.а.у.) олардың бұл жауабына:

-ИсаныңАллаһтың кәлимесі, құлыжәне пайғамбары

екендігіне куәлік бересіңдер ме?» – деп сұрады.

Олар:

-Аллаһ сақтасын! – деп алып теріс айнал ды да,

қасіретті таңдады.

Пайғамбар(с.а.у.) еврейлерденбұлжауаптыалғаннан

кейін христиандарға қарап:

-ИсаныңАллаһтың кәлимәсі, құлыжәне пайғамбары

болғанына куәлік бересіңдер ме? – деп сұрады.

Олар да:

-Аллаһ сақтасын, Исаны құл деп айту мүмкін бе?

– деді.

Басқа бір күні Расулұллаһ (с.а.у.) еврейлердің

дәрісханаларына барып, оларды иманға шақырған

еді. Нұғайм бин Әмір мен Харс бин Зәйд

пайғамбарымыздан:

-Сен қай дінненсің? – деп сұрады.

Расулұллаһ (с.а.у.):

- Ибраһимнің дінінен, – деді.

Олардың сондағы:

-ИбраһимЕврей емес пе еді?! – деп айтуларына қарап,

Аллаһтың Расулі (с.а.у.):