32
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
кек сақтау, қан төгу және соғыстармен атағы шыққан,
қыздарын тірідей топыраққа көмген, сезімі жоқ
бәдәуилер еді. Араларында бітіп болмайтын дұшпандық
болып, күштілер әлсіздерді езетін еді. Хақ пен хұқық
үнемі күштілердің қолында еді. Марқұм Акифтің
сөзімен айтар болсақ:
Бір адамның тісі жоқ болса, оны бауырлары
жейтін...
Бірақ Исламның келуімен бірге осы адамдар адамзат
тарихының ең таңдаулы және ең ерекше адамдары
мәртебесіне жетті. Бір кездері бір-бірінің қандарын
ішуге дайын адамдар Исламның берекетімен өлім
сәтінде де болса бір-бірін ойлап, сыйластықпенмахаббат
және қамқорлық аспанынашарықтады. Йәрмүк соғысы
біткеннен кейін соғыс майданын аралап жүрген кезінде
Хазіреті Хұзайфа (радиаллаһу ғанһу) куә болған оқиға
Ислам арқылы мүминдер жеткен қамқорлықты және
рухани шыңды қандай керемет көрсетеді:
«Ярмук соғысы біткен соң қолыма торсық ұстап
шайқастан жарақаттанғандарды іздеп, аралап жүрдім.
Қарасам, көкемнің ұлы қан жос болып, көзі қолымдағы
торсыққа телміре қарап жатыр екен. Торсықтағы судан
ішкізейін деп жатқанда арғыжақтан Ғикримәнің даусы
естілді:
«Су! Бір тамшы су!..»
Бұл дауысты естіген көкемнің ұлы Харис қолын
торсықтан тартып алып, көзімен суды Ғикримәға
апаруымдымеңзеді. Сонымен дереу Ғикримәнің қасына
бардым. Торсықты оған созып жатқан кезде Ияштың
даусы естілді:
«Су! Аллаһ разылығы үшін су!»
Ғикримә да Харис секілді, сол сәтте қолын тартып
судыИяшқа апаруымдықалады. ДереуИяштың қасына
бардым, бірақ оның қолымдағы бұл жалған дүниенің