Хикмет
баспа үйі
153
шісі Аллаһ өзіне мал беріп, осы малды күндіз-түні
оның жолында жұмсаған адам».
(Бұхари, Ілім, 15; Муслим,
Мүсәфирин, 266)
Құранмен айналысудың ең абзал түрі; оны
үйрену, үйрету, оның ахлағын бойға сіңіру, әмірі
мен тыйымдары бағытында өмір сүру, иманның
сыпайылығы және жұмсақ тілмен уағыздау.
Құранмен уағыздаудың қалаған дәрежеде тамаша
әсер қалдыруы, тек Құранмен айналысуда осы терең
сезімге жеткен сезімтал мүминдердің ісі.
Сондай-ақ Расулүллаһты (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) өлтіру сияқты жаман ниетпен үйден шыққан
Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) һидайятқа келу-
іне себеп болған Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) дұғасының берекетіне қосымша,
қарындасының үйінде тереңжүрек сезімімен оқылған
және ұстанылған Құран уағызы еді.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен
сахаба Хазіреттері, Құран Кәримді және де Аллаһтың
дінін уағыздау жолында барынша қажырлық таны-
тып, осыжолда мал-жанымен, барлық мүмкіндіктері
мен күшін арнаған еді. Аллаһ Расулының һидайятқа
шақырған хаттарын бас кесерлерінің алдында
патшаларға қорықпай оқып, табыстаған сахабалар
міндеті үшін жанын беруден де бас тартпаған. Аллаһ
Расулының атақты қоштасу хутбасын тыңдаған ша-
мамен 120 мың сахабаның тек 20 мыңдайы ғана Мек-
ке мен Мәдинада жерленгенін ойласақ, уағыздау
міндетінің сахабалар тарапынан қалай шектен тыс
ынтамен орындалғаны жақсы түсініледі. Сондай-
ақ Қытайдан Стамбулға, Африкадан Кавказға дей-