Хикмет
баспа үйі
155
Расында, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Исламды уағыздау үшін ешбір адам баласы
шыдай алмайтындай қиыншылық пен азапқашыдап,
әртүрлі мүмкіндікті тиімді пайдаланып, адамдардың
көңіліне һидайят дәнін егудің барлық жолдарын
қолданып, үмметке ең тамаша түрде үлгі болған.
Сондай-ақ Пайғамбарлығының алғашқы жылда-
рында мүшриктер қажылық үшін Меккеге келген
кезінде езі барлық тайпаларды аралап, оларға Ис-
ламды қайта-қайта түсіндіретін. Халық жиналған
жерлерді, сүхбат мәжілістерін үнемі аралап, барлық
жолыққан адамдарды, азат-құл, әлсіз-күшті, бай-ке-
дей деп бөлмей, алдымен Аллаһтың бір екендігіне се-
нуге шақыратын.
Жәбир (радиаллаһу анһу) былай дейді:
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм),
жәһилдік дәуірде бір қажылық кезіндегі уақфада
(түру) дінді қажыларға уағыздап:
«Мені қауымына апаратын ешкім жоқ па?
Құрайыш Раббымның сөзін уағыздауыма кедергі бол-
ды»
- деді.
(Әбу Дәуіт, Сүннет, 19-20)
Сонымен қатар, Меккеде ашылған Уқаз, Мәжән-
нә және Зүлмежаз сияқты жәрмеңкелерде керуендер
орналасқан жерге дейін барып, оларға өзін танысты-
рып, оларды Аллаһтың бір екендігін мойындауға
және тек Соған ғана ғибадат етуге шақыратын.
Әсіресе, Тайфта тап болған жапа мен қорлыққа
қарамастан Ол Аллаһтан олардың қүтылғанын тілеп,
үлкен Тайфтан тек Аддас деген бір құлдың һидайятқа