154
Хикмет
баспа үйі
ін кеткен сахабалар барған жерлерінің барлығында
һидайят пен рахметті уағыздап, Ислам тарихында
абыройлы мәртебеге қол жеткізген. Осылайша Мек-
кеден басталған һидайят шақыруын барлық жерге
жеткізуге тырысқан.
Әсіресе, Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) адамзатты һидайятқа шақырған иләһи
үндеуді уағыздауда көрсеткен адам күші жетпес
қажыр мен күресі, бір жағынан уағыздау міндеті мен
жауапкершілігінің ұлылығы мен маңыздылығын
көрсетсе, екінші жағынан, мүминдердің бұл тұрғыда
қандай бір иман шабытымен өмір сүруі керектігін
үйреткен еді.
Аллаһ Тағаланың біз секілді құлдарына ең
кәміл үлгі етіп жіберген Расулүллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм), өмірін дінді уағыздауға арнаған.
Мүшриктердің дүниелік және нәпсі түрғысынан өте
тартымды ұсыныстарын қабылдамаған кезде одан
да арта түскен азап, келеке, мазақ, қорқытулар мен
зүлымдықтарға тап болу да Оны мақсаты жолындағы
қайратынан қайтармаған. Бұл жолда ең аз бір тай-
салуды қабылдамайтындай табанды әрі үлкен иман
қүштарлығындаеді.Уағыздауміндетіжаңабасталған
ең әлсіз кездерде де оны мақсатынан баз кештіру
үшін мүшриктер жасаған өте тартымды ұсыныстарға
берген мына тарихи жауап осыны көрсетеді:
«Уаллаһи, Аллаһтың дінін уағыздаудан бас тарту
үшін оң қолыма күнді, сол қолыма айды берсе, мен осы
жолымнан қайтпаймын! Не ұлы Аллаһ, оны бүкіл
әлемге жаяды, (осылайша) міндетім бітер немесе
осы жолда өлермін!»
(Ибнул Әсир, әл-Камил фит-тарих, II, 64)