Previous Page  22 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 382 Next Page
Page Background

24

Хикмет

баспа үйі

Қаря иелерінің бірі Хабибүн Нәжжар иманы мен

уағызы үшін таспен атылып өлтірілген еді. Бірақ,

осы дүниеге тән терезелер жабылатын ақтық демін-

де баратын әлеміне байланысты терезелер ашылып,

қол жеткізетін сыйлықтар оған көрсетілген кезде ол

қауымының ғапылдығына жаны ашып:

«... Әттең, қауымым осыны білсе еді!»

(Ясин сүресі 26)

деді. Өйткені, оған фәни әлемдегі таспен атылуының

беделінде шексіз бақыт берілген еді.

Сондай-ақ христиан дінінің алғаш таралған кезде-

рінде римдіктер, гректер пұтқа табынушылармен бір-

лесіп, сол кездегі иман иелерін алаңда арыстандарға

талататын. Ал мүминдер болса, арыстандардың

азуы арасында тірі қалу үшін емес, керісінше, има-

нын қүтқару үшін күресетін. Өйткені олар осы ауыр

зүлымдыққа шыдап, Аллаһ алдындағы ұлы сыйды

таңдаған еді.

Шүбә жоқ, барлық осы тамаша мысалдар өмір

бойы Аллаһпен бірге болу ойында өмір сүрудің үлгілі

нәтижелері. Бұл женінен Аллаһпен бірге болу -

құлшылықтың ең жоғарғы шыңы әрі шарты болып

табылады.

Риуаят бойынша бір уағызшы мінбеде қиямет

ахуалын түсіндіріп жатады. Жамағаттың арасын-

да Шәйх Шибли Хазіреті де бар болатын. Уағызшы

сұхбатының соңына қарай Аллаһ Тағаланың қабірде

қоятын сүрақтарын айтып:

«Біліміңді қайда қолданғаның сұралады! Мал-

мүлкіңді қайдажүмсағаның сүралады! Ғибадаттарың

қандайхалде болғанысүралады! Харам-халалғаназар

аудардың ба, сұралады!.. Мыналар сүралады, аналар