Хикмет
баспа үйі
27
е
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны
тауып алып, хап-жағдайын білу үшін бір сахабаны
ұрыс алаңына жібереді. Сахаба Сағдты қанша іздесе
де таба алмайды, қанша айқайласа да жауап болмай-
ды. Ақыры соңғы үмітпен:
«Ей, Сағд! Мені Расулуллаһ жіберді. Аллаһ Расу-
лы сенің тірілердің арасында ма, әлде шейіттердің
арасында ма екендігіңді біліуімді бұйырды»- деп, жа-
ралылар мен шейіттер жаққа дауыстады.
Сол кезде өлім үстінде жатқан және жауап
қайтаруға шамасы қалмаған Сағд (радиаллаһу анһу)
өзін Аллаһ Расулының білгісі келгенін естігенде бар
күшін жинап, бірақ дауысы әлсіреп:
«Мен енді өлілер арасындамын!»
- деуге ғана
шамасы әрең жетті: Оның ана жақты тамашалап
жатқандығы анық еді.
Сахаба Сағдтың (радиаллаһу анһу) қасына
жүгіріп барады. Оның денесі қылыш соққыларымен
қидаланып, бейне бір елекке айналғандығын көрді.
Және де қысылып шыққан әлсіз үнімен сыбырлаған
мына мәнді сездерді естіді:
«Уаллаһи,
көздерің
қозғалып
тұрғанда
Пайғамбарымызды дұшпандардан қорғамай, Оның
басына пәлекеттің келуіне мүмкіндік берсеңдер, сен-
дер үшін Аллаһ алдында алға тартатын ешқандай
сылтау болмайды!».
(Ибн Абдилбер, Истиаб, II т. 590 б)
Сағд бин Рәбидің (радиаллаһу анһу) үмметке
өсиеттей айтылған осы сөздері фәни өмірмен қоштасу
сөздеріндей де болды.
Хазіреті Хузайфа баяндаған мына бір оқиға да