Previous Page  27 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

Бұл дауысты естіген Икримә қолын тартып, суды

Ыяшқа апаруды меңзеді. Харис сияқты ол да ішкен

жоқ.

Мен торсықты алып, шейіттердің арасыменжүріп,

Ыяшқа жеткенімде, оның соңғы сөздерін естідім.

Ол:

«Тәңірім! Иманныңжолындажанымызды пида

етуден ешқашан бас тартпадық. Енді бізден шейіт-

тік мәртебесін аяма. Қателіктерімізді кеш!»-деді.

Ыяштың шейіттік сусынын ішкені белгілі еді. Менің

әкелген суымды көрді, бірақ уақыт қалмаған еді...

Иман сөзін әрең бітірді.

Дереу кері қайтып, жүгіріп Икримәнің қасына

келдім, торсықты созып жатып, Икримәнің шейіт

болғанын көрдім.

Тым болмаса немере ағамның ұлы Хариске

үлгерейін деп ойладым.

Жүгіріп, оған бардым. Шара жоқ, ол да оттай

қызған құм үстінде қуырылып, жан тәсілім еткен

еді... Өкінішке орай су торсығы толы қалпында үш

шейіттің ортасында қалды.

(Хаким, Мүстәдрәк, III, 270)

Хузайфа (радиаллаһу анһу) сол сәттегі көңіл күйін

былай баяндайды:

«Өмірімде көптеген оқиғаларға жолықтым.

Бірақ, ешбірі мені осындай тебіренткен емес. Ара-

ларында туысқандық сияқты бір байланыс болмаса

да, олардың осыншама бірінің қамын бірі ойлауын,

жанқияр әрі мейірімді халдерін, (яғни ақтық демде-

рінде өмірлерін-дегі сияқты жан тәнімен мұсылман

29