Хикмет
баспа үйі
33
Міне, барлық мәселе - өмірін ақтық демінде
қуанышпен, шат-тықпен Аллаһ Тағалаға алып бару,
яғни, барлық адамның қорқынышты түсі болған сол
демде қуаныш сезініп: «Раббым, саған келе жатыр-
мын!» - деп айта білу. Аллаһ Тағала барлығымызды
осы бақытқа жеткізсін! Әмин!
Бұрынғылардың сөзімен бұл хал:
«Су құмырасы су жолында сынады...»
нақылы-
ның өте мәнді көрінісі. Яғни көңіл өмірде немен көп
шұғылданса өлген кезде де соған ауады.
Әрине, мұныңерекшежағдайларыда бар.Яғниқұл
ақтық демін иманмен тапсыру үшін қаншалықты са-
лих амалға толы өмір сүруі қажет болса да, осыған се-
ніп, Аллаһтың рахметіне қол жеткізетіндігіне нақты
көзбен қарауға болмайды. Сонымен қатар құлдың өз
күнәлары мен жағымсыз өміріне қарап, Аллаһтың
рахметінен үмітін үзуіне де болмайды. Өйткені,
ақтық демнің қалай болары иләһи бір сыр.
Ұлы кітабымыз Құран Кәримде ақтық демін-
де иманын құтқару үшін арлалысқан салих құлдар
өнегелі тұлға ретінде көрсетілгені сияқты осыған ке-
рісінше салих өмір сүріп жатып, нәпсіқұмарлығына
көніп, соңынан күпірлікке душар болып өлгендердің
аянышты ақырлары да бір ғибрат көрінісі ретінде ба-
яндалады.
Сондай-ақ, ие болған ілімін парасаттылықпен без-
ендіре алмай, нәпсісін тазарта алмаған Ібліс, Қарун,
Бәл’ам бин Баура және сахаба болып, дүниелік
мансапқа алданған Салебе осылардың ең айқын мы-
салдары.