Хикмет
баспа үйі
39
«Мен қандай болмасын бүйырған жағдайда саған
мойынсұнуға әмір етілдім!» - деді.
Жәбірейіл (алейһиссәләм):
«Ей, Ахмед! Ұлы Аллаһ сені сағынған!»
- деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ алдындағынәрсе жақсырақ әрі үздіксіз. Ей,
өлім періштесі! Қане, әмір етілген нәрсеңді орында!
Рухымды, жанымды ал»
- деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасындағы су қүйылған ыдысқа екі қолын матырьіп,
дымқыл қолдарымен бетін сипап:
«Лә иләһә иллаллаһ! Өлімнің ақылды бастан
шығаратын азабы мен ауырлығы бар!»
деген соң,
қолдарын жайып, жоғары қарап:
«Уа, Аллаһым! Рәфиқи Ағлә, Рәфиқи Ағлә (яғни
ұлы дос, ұлы дос!)»
дей отырып, Раббысына деген
сүйіспеншілік пен ынтықтықтың керінісі болған
қаншама пәк естеліктерге толы бір өмірді артқа та-
стап, бұл фәни әлемнен шынайы әлемге көшті.
(Ибн
Сағд, Табақат, II, 229, 259; Бәлазури, Әнсабул-Әшраф, I, 565; Ахмед бин
Ханбал, VI, 89)
Рухани нәрге толы құлшылық өмірін басынан
өткізген соң ақтық демінде Раббыға қауышуға
ынтыққан ұлы тасаввуфшы Мәуләнә Хазіретінің
дүниемен қоштасу сәтін шәкірті Хүсамәддин Челеви
былай баяндайды:
Бір күні Шәйх Садрәддин таңдаулы дәруіштермен
бірге Мәуләнәні науқас төсегінде зияратетуге келді.
Мәуләнәнің халін көріп, мұңайды. Шәйх Садреддин: