Хикмет
баспа үйі
35
Бәлам бин Баура да Аллаһ Тағаладан исми-ағзам
үйренген, кәрамәт (керемет) иесі бір салих құл еді.
Бұл адам Исрайл ұлдарының арасында ғалым әрі
әулие болып танылатын. Бірақ, кейіннен әуестігі мен
нәпсінің құмарлықтарына бет бұрғандықтан әлгі ру-
хани халін жоғалтып, тіпті, имансыз өлді. Бұл оқиға
Құран Кәримде былай баяндалады:
«Оларға шайтанның соңынан ерген және өзіне
берген аяттарымыздан алшақтап, азғындарға
қосылған адамның оқиғасын баянда. Қаласақ,
оны аяттарымыз арқылы үстем етер едік, бірақ ол
дүниеге бұрылып, әуестігіне ерді (ақымақтыққа ду-
шар болып, есі шықты). Оныңхалі құдды иттей, зе-
кіп кусаңда, солықгап, тілін салақтатады...»
(Ағраф
сүресі 175-176)
Тамаша құлшылыққа толы өмір сүріп жатып,
дүниеге алданып, мәңгілік бақытын мәңгілік
қасіретке
айырбастау
бақытсыздығына
тап
болғандар туралы Пайғамбар дәуірінде болған бір
мысал, Салебеніңжағдайы. Салебе алдында мешіттен
және Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм)
сұхбаттарынан шықпайтын болса, мал-мүлікке ие
болып, дүние сүйіспеншілігі көңілінде орын алған
соң уақыт өте жамағатты тастап, парыз болған зекет-
ті беруден де бастартып, соңы өкінішпен аяқталған
еді. Кейіннен Аллаһ Расулының сөзін ұстай
алмағаны үшін өкінсе де, пайдасыз арпалыс үстінде
жан тапсырған сәтте құлағында Расулуллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ей, Салебе, шүкіршілігін жасай алатын аз мал,
шүкіршілігін жасай алмайтын көп малдан жақсы»
-