Хикмет
баспа үйі
41
«Саған өлім келгенше Раббыңа кұлшылықет!»
(Хижр сүресі 99)
Міне, бұл барлық Хақ достарының емірлерін
қорытындылайтын қағида!..
Әрбір ариф пен ғашық көңіл Хақ Тағаланың өзіне
аманат еткен өмірін үнемі дүрыс жолда құлдық пен
құлшылықпен безендіріп, Раббысына құлдықтың
ақысы ретінде «қалби сәлим» апаруға тырысқан.
Яғни, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) ақтық демде: «(Рәфиқи Ағлә, рәфиқи
Ағлә) ең ұлы досқа, ең үлы досқа» деп жеткізген
құлдықтың көрінісі Оның ізімен жүрген арифтерде
де жалғасқан.
Сондай-ақ осы Хақ достарының бірі барлық
өмірінде Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) сүннеті бойынша өмір сүруге тырысқан Мах-
муд Сами мырзаның (құддисә сирруһ) соңғы демдегі
халі де біз үшін тамаша бір үлгі. Сами мырза көңілі
Пайғамбарға деген сүйіспеншілікке толы Хақ досы
еді. Бір адам қармен жүргенде оның соңында із
қалып, артынан жүрген адам осы ізбен жолын тапса,
Сами мырза да Пайғамбарымыздың ізімен тура солай
жүрген. Осының көрінісі ретінде ақтық демін өмір
бойы ізімен жүрген құштар әрі ынтық болған Хазіре-
ті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақын
маңайда тәһәжжүд намазының азаны шақырылған
кезде тәслім ету нәсіп болды. Ақтық демінде оның
қасындағылар тілінен тек:
«Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ!» - сөздері шыққанын есті-
ді.