Previous Page  44 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

A¢òû¢ äåì - 3 -

Ақтық дем бусыз бір тұнық айна сияқты. Адам

баласы өзін айқын түрде ақтық демінде таниды.

Өмірдің есебі жүрегі мен көзінің алдына жайылады.

Сол себепті адам баласы үшін өлім сәтінен ғибратты

көрініс жоқ.

Құран Кәримде айтылғандай, өмірін Аллаһқа

қарсы болып өткізген Перғауын тек Қызыл теңізде

иләһи қаһарға тап болғанда ғана өзін және зая ет-

кен өмірін нақты түрде таныды. Дүниедегі нәпсілік

салтанатының ішкі бетінің шындығында қандай

азғындық пен қасірет екендігіне ақтық демінде

ғана көзі жетіп, көңілін қатты өкініш биледі. Аят

кәримада бұл хал былай баяндалады:

«...Ақыры оны су тұншықтыра бастағанда ол (бы-

лай)деді:«Сендім.Расында,Исрайлұлдарысенгеннен

басқа тәңіржоқ екен!Мен де мұсылмандарданмын!».

(Юнус сүресі 90)

Бірақ бәрі біткен еді. Қызыл теңіздің иірімдерінде

тұншығып жатқанда иманға келуге мәжбүр болған

Перғауынға Аллаһ Тағала былай деді:

«Енді (иман еттің) бе?! Алайда, сен бұдан бұрын

(өмір бойы) қарсы келіп, үнемі бұзақылардың

қатарында едің!»

(Юнус сүресі 91)

46