Previous Page  50 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 382 Next Page
Page Background

52

Хикмет

баспа үйі

тән емес, ораза, қажылық, зекет сияқты барлық

ғибадаттардың негізін қалайды.

Бұл женінен ораза құлшылығы нығметтердің

қадірін білуімізді, жүрегімізбен жабырқаулы,

мүңлы көңілдерге жақындауымызды, кедейліктен

жапа шеккендер алдында терең сезімге ие болуымыз-

ды қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар ораза бізді

белгілі бір уақыттарда кейбір халалдардан тыюы се-

бепті, шүбәлі және харамдардан қаншама аулақ болу

керектігінің астарлы ескертуі. Қажылықта болса,

иләһи салтанат алдында құлдың ешекендігін есіне са-

лып, бейне бір кебін аясына кіру ойымен құлшылық

жасалуы керек.

Аллаһ жолында мал-мүлік жұмсаған мүмин болса,

мүліктің негізінде Аллаһтікі деген ойымен аманат-

шы орнында екендігін түсінуі керек. Сонымен қатар

қайырымдылық ойы жүрегін баурап алған мүмин,

басқаның малына қалайша қызғанышты көзбен

қарай алады? Бірақ, ғибадаттың негізіндегі құлдық

ниеті көңілдегі сүйіспеншіліктің тереңдігіне қарай.

Көңіл кірден тазарғанда ғибадаттар нақты қалыбына

келіп, ол жерде Хақ күнінің нұры жарқырайды.

Ғибадаттардың қаншалықты там ша ынта-

мен орындалатындығын тағы да Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бен сахабалардың

өнегелі өмірінен байқай аламыз. Өмірдің ешбір саты-

сын ақырет шындығынан бөлектеп қарамаған Аллаһ

Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ғибадаттарда

да соңғы демдегі кеңіл-күйге бөлену қажеттігіне на-

зар аударады.

Сондай-ақ, бір сахаба Расулуллаһқа (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) келіп: